Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Сабын қалдықтарынан сұйық сабын жасап көрдіңіз бе?

Сабын қалдықтарынан сұйық сабын жасап көрдіңіз бе?

Сабын қалдықтарынан сұйық сабын жасап көрдіңіз бе?

Ұсынып отырған сұйық сабынның дайындалу әдісі өте қарапайым. Алайда, сабынды өз қолыңызбен жасап көрген соң, оның қауіпсіз екеніне толықтай сенімді боласыз. Құрамында қажетсіз иістендіргіштердің жоқ екеніне көзіңіз жетеді.

Оны жасау үшін бізге:

- сабынның кішкене бөлігі немесе қалдығы;
- 1 стақан ыстық су;
- 1 ас қасық бал;
- 1 ас қасық глицерин;
- өзіңіздің қалауыңызша бірнеше ас қасық эфир майы;
- 1/3 стақан суық су;
- блендер қажет болады.

Дайындалуы:

1. Сабынды үккіштен өткізіп, ыстық суға салыңыз. Қоспаны блендердің көмегімен араластырыңыз.
2. Үстіне бал, глицерин, эфир майын қосып, тағы да бір рет блендердің көмегімен араластырыңыз.
3. Арада 15 минут өткен соң үстіне суық су қосып, жоғарыдағы әрекетті қайталаңыз.
4. Дайын болған қоспаны мөлшерлеуішке құйыңыз. Осымен сұйық сабынымыз дайын.

Ал Сіз, әдетте, сабын қалдықтарын не істейсіз? Олардан сұйық сабын жасап көрдіңіз бе?

Сурет: rumbur.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 10 желтоқсан 2014, 14:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->