- Негізгі бет
- Аспаздық
- Студент ас үйі:...
Студент ас үйі: Алма штруделі
Фото:
povar.ru
Бұл мәзір ас үйге көп уақыт жұмсай алмайтын жандарға қолайлы. Үйге кеш қайтасыз, қарныңыз аш, тез дайындалатын әрі тойымды тағам жегіңіз келеді. Қайтар жолда дүкенге кіріп 2-3 алма, 1-1,5 лаваш, қаймақ, даршын (корица), сары май ала салыңыз.
Лаваштың жартысына бір қасық қаймақ жағып, үстіне секер саламыз.
Лаваштың қалған жартысын үстіне қоямыз.
Алманың қабығы мен тұқымын тазалап, үккіштің ірі көзінен өткіземіз. Оны лаваштың бетіне жұқалап төсейміз. Үстіне даршын ұнтағын себеміз. Алма дәмі қышқыл болса аздап секер себуге болады.
Лавашты мұқият ораймыз. Формасын жақсы сақтау үшін аяқталған жерін төменге қаратып қоямыз. Қаңылтыр табаға салып, сыртына сары май жағып, 180 градус температурада пешке 15-20 минут қоямыз.
Десертіміз дайын!
@. @assel_assanova