Әлемдегі ең тез дайындалатын бәліш

Әлемдегі ең тез дайындалатын бәліш
Фото: lenivki.net

Басым көпшілігіміз шие қосылған десерт жегенді жақсы көреміз. Өйткені ол тамақтарға тіл үйірерлік дәм беретін жеміс түрі. Алайда одан бәліш пісіруге әрдайым уақыт жетіспей жатады. Сондықтан біз сіздерге әлемдегі ең тез жасалатын бәліш түрін ұсынғымыз келіп отыр. Оны француздар ойлап тапты және өздері соны мақтан тұтады. Өйткені ол күнделікті тұтынып жүрген ингредиенттерден дайындалады. 

Ол үшін бізге :

- 600 грамм шие;
- 30 грамм ерітілген кілегей майы;
- 4 жұмыртқа;
- 250 мл сүт;
- 100 грамм ұн;
- 100 грамм қант,
- 12 грамм ванилин;
- бір салым тұз қажет:

Дайындау жолы:

Шиенің сүйегін алып, май жағылған қызуға шыдамды табаққа салыңыз. Содан соң барлық ингредиенттерді жақсылап араластырып, үстіне шие қоспасын құйып, 40-45 минут отқа қойсаңыз болғаны. Дайын болғаннан кейін бұл дәмді бәлішті кофемен іше аласыз. Толығырақ төмендегі видеодан көрсеңіз болады:

Ж. Исакаев