Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Даршын арықтауға көмектеседі

Даршын арықтауға көмектеседі

Даршын арықтауға көмектеседі

Даршын – әлем бойынша танымал, көп қолданатын дәмдеуіштердің бірі. Даршынның хош иісі мен тағамдарға керемет дәм беру қасиетіне оның қолжетімділігі мен пайдалы қасиеттерін және ең бастысы, арықтауға көмектесетінін қоссаңыз, даршыннан асқан дәмдеуіш таба алмайсыз.

Даршынның пайдалы қасиеттері қарапайым дәмдеуіш үшін өте көп:

  • Жарты шай қасық даршын қандағы холестерин шамасын төмендетеді;
  • Оған қоса, даршын қан құрамындағы қанттың шамасын реттеп, жүрек ауруларының алдын алады;
  • Оны ағзаны толықтай тазарту үшін қолданады;
  • Даршын қосылған балды дәрігерлер қатерлі ісіктер профилактикасы ретінде қолдануға кеңес береді;
  • Даршынның иісі кофенің иісі сынды ми жұмысын, есте сақтау қасиетін жақсартады.
  • Даршынның құрамындағы клетчатка, кальций, магний мен темір және басқа да микроэлементтер ағзамызға өте қажет;
  • Зат алмасуды тездететін даршын асқорыту жүйесіне де өте пайдалы;
  • Даршынды тұрақты түрде түрлі тағамдарға қосу иммунитеттің әлдеқайда берік болуына өз септігін тигізеді;

Денсаулық сақтау саласында белді "American Journal of Clinical Nutrition" журналында жақында даршынның пайдалы қасиеттерін зерттеудің нәтижелері жарияланды. Соңғы зерттеулер бойынша, даршын қан құрамындағы қант пен холестерин шамасын төмендетіндігі дәлелденді. Оның құрамындағы полифенолдар – мықты антионсиданттар жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады екен. Құрамындағы тағы да бір ерекше пайдалы зат – қоңыр альдегид қан тамырларында тромбтардың пайда болуының алдын алады. Қазірде жүрек-тамыр жүйесінің аурулары аяқ асты өлімге әкелетін ең жиі кездесетін дерттердің бірі екендігі белгілі, даршын бұл жүйенің саулығын сақтайтын ем бола алады. 


Оған қоса, даршынның хош иісі адамның тәттіге деген құмарлығын кемітеді, демек арықтау жолында сізге таптырмас көмекші бола алады. Назарларыңызда арықтауды әлдеқайда тездететін даршын қосылған түрлі сусындар. Олар зат алмасуды тездетіп, тәбетті басып, ағзаны тазалайды.

  • Бал сусыны. Жарты шай қасық даршынды бір стақан қайнатылған суда ерітіңіз. Жарты сағаттан кейін сусынға 1 шай қасық бал қосып, күніне 2 рет таңертең және кешке ішіңіз.
  • Айран сусыны. Майлылығы төмен айранға жарты шай қасық даршын қосыңыз. Мүмкіндік болса, айранға үккіштен өткізілген зімбір (имбирь) қосуға болады.
  • Даршын қосылған шай. Бір шыны қара немесе жасыл шайға жарты шай қасық даршын қосыңыз.
  • Сүтті сусын. Блендерде 5-6 құлпынай (немесе басқа кез-келген жидек түрі) мен 1 шай қасық даршынды үгітіп, 200 мл (бір стақан) сүт қосыңыз. Сусынның үстінен үгітілген жаңғақ сепсеңіз, нағыз пайдалы таңғы ас болады.
  • Кофе сусыны. 100 мл сүтке жарты шай қасық кофе, 1 шай қасық какао және 1 шай қасық даршын қосыңыз.  

Осы сусындар сізге күш беріп, тәбетті басып, тез арада азуға көмектеседі. Ал даршынды күнделікті әзірлеген әр тағамыңызға сәл-сәлден қосып жүрсеңіз, пайдасы бірнеше есе болады. Даршынды ботқаларға, тәтті бәліштерге, сүтке, шайға, кофеге, смузи мен сүтті сусындарға, тіпті жемістерге қосуға болады.

Тақырып бойынша:

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: bankoboev.ru, goodfon.ru 

11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 09 қаңтар 2014, 14:30
Пікірлер
+0
09 қаңтар 2014, 21:37

Байқап кеөретін екен

+0
10 қаңтар 2014, 12:11

расымен арықтатады

+0
10 қаңтар 2014, 20:55

Салеметсыздер ме Даршынды орысшы қалай атайды кешіресіздер

+0
12 қаңтар 2014, 02:19

орысшасы корица

+0
12 қаңтар 2014, 19:01

аа ракмет сізге

+0
15 қаңтар 2014, 21:36

Оқасы жоқ)

+0
15 қаңтар 2014, 21:38

Қандай даршынды пайдалану керек? Мен бүгін алып ішіп көріп едім, ішу мумкін емес

+0
15 қаңтар 2014, 22:33

Аа Салем неге дәмы жаман ба не

+0
19 қаңтар 2014, 04:08

Сәлем, ия жағымсыз, құсқың келеді

+0
02 ақпан 2014, 01:06

қара шайға туралған зімбір тамыры мен даршынды қосып 3-5 мин. бұқтырып қою керек. Сосын осы шайды балмен ішсе дәмді болады. Иммунитетке өте пайдалы! ;)

+0
03 қараша 2017, 23:13

Қандай даршын алу керек?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.