- Негізгі бет
- Аспаздық
- Қиярдан тұздық жасап...
Қиярдан тұздық жасап үйренейік
Майонезден шаршадыңыз ба? Бірақ көптеген тағамды майонезсіз жей алмайсыз ба? Онда оның орнына тамаша қияр соусын жасап үйренейік.
Көкөністер, ет, нан және тағы да басқа тағамдар қияр соусымен де өте дәмді болады.
1-түрі: Бір орташа қиярды үккішке үгіп, сәл шырынын сығып алыңыз. 100 грамм жұмсақ сыр, сарымсақтың екі тілімін майда етіп кесіп, 3 ас қасық майлы қаймақ, 1 шай қасық майда кесілген аскөк қосыңыз. Мұның бәріне енді дәмдеуіш қосып, араластырыңыз.
2-түрі: Қиярды қабығынан тазартып, дәндерін алып тастап, үккішпен үгіңіз. Оны тәрелкеге салып, артық су, шырынын майлықпен сүртіңіз. 200 грамм қаймақ, қияр, сарымсақтың бір тілімін, 1 ас қасық туралған ақжелек, 1 ас қасық туралған жалбыз, 1 ас қасық лимон шырынын, тұз бен бұрышты араластырыңыз. Үстелге қояр алдында тоңазытқышқа салыңыз.
Мұндай соус қонақтарыңыз бен жақындарыңызды қуантатыны сөзсіз!
Ас болсын!
Сурет: foodzeennottingham.com
Оқи отырыңыз:
Өмірімізді өзгертетін "алтын сүтті" бірге әзірлейік
Ф. Абилова