- Негізгі бет
- Аспаздық
- Денсаулыққа пайдалы диета...
Денсаулыққа пайдалы диета - 14
Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.
№14 диета бүйрекке тас жиналу секілді ауруларды емдеу кезінде тағайындалады. Оны ұстаған кезде сүт, қатық, ірімшік сынды құрамында кальциі көп тағамдарды жеуге тыйым салынады. Күнделікті 1,5-2 л-ге дейін сұйықтық ішуге болады.
Химиялық құрамы: бір күн ішінде желінетін тағамдардың жалпы калориясы – 2800 ккал, 90 г – ақуыз, 100 г – май, 400 г көмірсу. Науқас 4-5 рет тамақтанады.
Қандай тағамдарды жеуге болады?
- кез келген ұнды тағамдар мен нан;
- ет, балық;
- мал етінің, балықтың, саңыруқұлақтың сорпасы;
- жармадан жасалған тағамдар;
- өсімдік майы;
- саңырауқұлақ, бұршақ, асқабақ, зәйтүн, сәбіз, кәдіш, қияр;
- алма, қарбыз, итбүлдірген, жүзім, мейіз, анар, алмұрт, қауын, қойбүлдірген, құлпынай, қызыл тал, мүкжидек, шетен, қара және қызыл қарақат, қаражидек, айва, ананас, шие, қожақат таңқурай, қызыл бүрген, сары өрік, тұт;
- грек және балқарағай жаңғағы;
- қант, бал, тәттілер;
- минералды су;
- аққайың шырыны;
- өсімдік майы мен балық майы;
Қандай тағамдардан бас тартамыз?
- сүт, қатық, ірімшік сынды сүтті тағамдар;
- көкөніс пен жеміс қосылған, сүтті сорпалар;
- кептірілген, тұздалған балық, майшабақ;
- рұқсат берілгеннен өзге көкөністер, картоп;
- жұмыртқаның саруызы;
- жеміс, көкөніс шырыны;
- алкогольді сусындар;
- еттің майы.
Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасы, арықтауға арналған мұз диетасы, арықтауға арналған жұмыртқа диетасы, арықтауға арналған қант диетасы, арықтауға арналған құлпынай диетасы, арықтауға көмектесетін диета, жігіттерге арналған диета, тез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.
Қ. Бүйенбай