Кәуапты қалай дайындау керек?

Кәуапты қалай дайындау керек?
Фото: Pandaland.kz

Жаз айларында жеміс-жидектен басқа кәуаптың да маусымы басталады. Иісі бұрқырап, көңіліңізді аулайтын кәуап кез келген отырыстың ең тәтті естелігі болары сөссіз.  Ал сіз үй жағдайында кәуап дайындай аласыз ба?

– Кез келген  кәуаптың  дәмін келтіретін – қуырылған ет. Жас еттердің тез әрі жұмсақ болып қуырылатынын естен шығармаңыз. 

– Тұздықсыз тамақ дәмсіз деп есептейтін болсаңыз, пиязды пайдаланғаныңыз абзал. Қой етіне тұздық дайындарда сірке суын қоссаңыз да, ол әдісті тауық етінен жасалатын кәуабыңызға қолданбағаныңыз абзал.

– Отын ретінде жағатын ағаштың өзін де дұрыс таңдау маңызды. Қайың ағашы жақсы, дегенмен, емен – ең  дұрыс шешім.

– Мангалыңыз бен етіңіздің арасындағы арақашықтық сәл үлкен болуы тиіс.  Өйткені кәуаптың бірқалыпты жағдайда әрі күймей пісуіне мүмкіндік береді.

– Отынның қатты жанған тұсына тұз сепкеніңіз абзал. Тұз отты жақсы өшіреді.

–Кәуап дайындамастан бұрын, отын жағатын жерге гүлшетінді (розмарин) себіңіз.  Кәуабыңызды одан әрі дәмді етері сөзсіз.

– Дүкеннен алынатын тұздықтардан қашыңыз. Сіздің бүкіл еңбегіңізді жоққа шығаруы мүмкін. Сондықтан қуырылған етке дәм беретін әрі тәбетіңізді ашатын көкөністерді ғана пайдаланыңыз.

Жазыңыз естеліктермен толықсын! 

Т. Есқали