Жеміс шәйін дайындай аласыз ба?

Жеміс шәйін дайындай аласыз ба?
Фото: allswalls.com

Жаздың күндері иісі жұпар аңқыған жеміс шәйін ішкіңіз келе ме? Ендеше, Әпитөктің асханасындағы ресепт бойынша дайындап көріңіз. 

Жидектер қосылған шәй

Бұл шәйді кез келген жидектерді араластырып дайындауға болады. Маусымға байланысты жидектердің балғын немесе сақталған түрлерін қолдана аласыз. Мысалы бір ас қасықтан қарақат, құлпынай және таңқурайды қосып, кез келген жеміс пюресіне араластырыңыз. Сосын оған 2-3 ас қасық бал қосыңыз. Үстінен ыстық су құйып, 5 минут тұндырыңыз.

Жалбыз қосылған шәй

Жалбыздың жапырақтарын турап алыңыз, оның шырыны шыққаны жақсы. Оған бір ас қасық көк шәйді салыңыз. Иісі бұрын жаратын бұл шәйді ыстықтай ішкен жақсы. Ал жаздың күндері салқындатып, мұз қосып ішуге де болады.

Құлпынай қосылған түймедақ шәйі

0,5 литр суға 2 ас қасық түймедек гүлінің кептірілген жапырақтарын саламыз. Оған 2 апельсиннің шырынын қосып, бірнеше сағатқа мұздатқышқа қоямыз. Ал оны ішетін кезде құлпынай мен қант қосуға болады.

Астарыңыз дәмді болсын!

Дереккөз: ikerim.kz

Г. Берік