Балаларға арналған таңғы асты безендіру жолдары

Балаларға арналған таңғы асты безендіру жолдары
Фото: www.ex.ua

Балаларды тамақтандыру оңай емес. Тіпті таңғы асты да қырсығып, ішкісі келмейді. Алайда ата-аналар тамақ ішу үшін әр нәрсені айтып, қорқытып жатады. Психолог мамандар кішкентай балаларға қорқынышты нәрселерді айтудың қажеті жоқ деп санайды. Сондықтан оның жеңіл жолын ұсынады. Ол үшін қарапайым тағамды керемет етіп безендіріп, балаларыңызға ұсыныңыз. Сонда ғана балалар бұрын көргісі келмейтін тағамды ерекше көңіл-күймен жейді. 

Күн бейнесіндегі қуырылған жұмыртқа

Таңертең ұйқыдан тұрған балаларды қуантудың ең оңай жолы.

Ұядағы құстар

Көкөністері бар спагеттиді осылай ұсынуға болады.

Аң патшасы

Томат соусы қосылған макарон.

Тасбақа-ниндзя

Саумалдық қосылған омлетті ұнататындар аз. Алайда мұндай тасбақа бәріне ұнайтыны анық. 

Маймақ қонжық

Мұндай бутербродқа ингредиенттерді өзіңіз ойлап тапсаңыз болады. 

Жұлдызқұрт

Жұлдызқұртты тек кивиден ғана емес, басқа да жеміс-жидек түрлерінен жасауға болады. 

Angry Birds

Қызыл қоңыз

Сүйкімді үкілер

Қайық

Шұжықтан жасалған сегізаяқ

Ең бастысы балаларыңызға не дайындасаңыз да ерекше махаббатпен жасаңыз. Сонда сіздің балаңыз міндетті түрде еңбегіңізді бағалайды. Қолыңызға қуат берсін. 

Ұқсас жазбалар:

Пайдалы тағамдарға не жатады?

Смузи: мандарин және банан

Ж. Исакаев