- Негізгі бет
- Сымбат
- Сырт келбетімізге күтім...
Сырт келбетімізге күтім жасауға көмектесетін құралдар
Нәзік жандылар бет, шаш күтіміне аса мән беруі керек. Әрине, табиғи сұлулыққа не жетсін, дегенмен, сыртқы келбеттің күтіміне әр адам мән беру керек.
Әртүрлі масканы ұсынғанымызда, оқырмандарымыз майлар мен экстрактілер жайлы сұрап жатады. Майды қалай әрі не үшін қолдану керек, ол майдың атауын танымайтын кездер де болады. Сондықтан сымбатты болуға көмектесетін әртүрлі құралдың анықтамасын ұсынамыз:
1. Ошаған және майсана майы – шашты өсіруге арналған.
2. Өрік майы – тырнақты нәрлендіреді.
3. Ащы бұрыш тұнбасы – шаш өсіруге арналған маскаларға қосылады.
4. Мумие – терінің керуін емдейді (суға бір таблеткасын ерітіп, теріге жағу).
5. Лаванда эфир майы – шашқа арналған кондиционерге бірнеше тамшы тамызып, жақсаңыз, шашыңыз біраз уақыт таза қалпында болады. Бұл шашы тез майланып кететін аруларға таптырмас амал.
6. Теңіз тұзы – тырнақ пен денеге арналған ваннаға қажетті элементтің бірі.
7. Бидай ұрығының майы – құрғақ теріні нәрлендіруге арналған.
8. Жожоба майы – әжімдерді емдеуге көмектеседі.
9. Салицилды-мырыш пастасы – безеулерді құрғатады.
10. Капсуалада келетін А, Е дәрумендері – құрғаған ерінді нәрлендіреді.
11. Блефарогель 1 (гиалуронды қышқыл) – көз ісінуіне қарсы құрал.
12. Шай ағашы майы – безеуді емдейді.
13. Бор спирті – безеуді емдейді.
14. Көгілдір саз (глина) – дене мен бетке арналған маска жасауға көмекші.
15. Бодяга – көгерген жерлерді қалыпқа келтіру үшін қолданылады.
16. Грек жаңғағы майы – әжімдер мен көз асты көгеруін қалыпқа келтіреді.
17. Глицерин – қолды жұмсарту үшін қолданылады.
18. Миндаль майы – тері керуінің алдын алады.
Сурет: sovetclub.ru
Оқи отырыңыз:
Ф. Абилова