Күз-қыс 2014: тырнаққа арналған сәнді лактар

Күз-қыс 2014: тырнаққа арналған сәнді лактар

Биылғы жаз маусымының аяқталуына санаулы күндер қалды және бізді салқын күз мезгілі күтіп тұр. Мұндай ауа-райында бекзат қанық реңкті маникюр лайықты көңіл күй тудыруға көмектеседі. Жаңа маусымда тырнаққа арналған лактардың сәнді түстері мен текстуралары жайлы осы мақаламызда айтылады.

Yves Saint Laurent: «былғары» текстура

Yves Saint Laurent күзгі топтамасында текстурасы ерекше лактарды ұсынды. Реңкті өндірушілері брендтің Leather Fetish былғары бұйымдарынан шабыт алған ұқсайды. Көк-сұр Blue Galuchat 52 және сұр-қоңыр Taupe Graine 53 текстуралары былғарыны еске салады. Шын мәнінде, бұл бәрімізге таныс «құм-лактар», бірақ біршама жылтыр текстуралы. Қалың жағылатындықтан тырнақта біраз уақытқа сақталады деп күтілуде.

Estee Lauder: күңгірт финиш

Estee Lauder де екпінді текстураға қоюды жөн көріпті. Бірақ бұл күңгірт финиш болмақ. Pure Color Matte лактары бес реңкті болады: күлгін Heart Beet және Hard Candy, табиғи Negligee мен Dark Desire, көк Diva Moment.

Burberry: қанық түс

Тағы бір қанық түстерді біз Burberry-дің The Bloomsbury Girls топтамасынан көреміз. Дәстүрлі жиынтық Oxblood No.303 классикалық бір реңктен және жаңа бес реңктен: Dark Bottle Green No.423, Teal Blue No.427, Ink Blue No.425, Elderberry No.407, Antique Gold No.445 тұрады.

Dior: классика

Dior бес байсалды, классикалық реңкті ұсынады. Төрт лимитті – сарғыш-сұр Piedde Poule 206, нәзік алқызыл Rose Tutu 254, қанық тил Carré Bleu 796, қара Bar 902 және қызыл – Red Massai 853.

Chanel: әсемдік

Бір қарағанда қарапайым реңктер Etats Poetiques Chanel топтамасында жарық көреді: табиғи Secret, інжу түстес Atmosphère және сұр-көк Orage. Бірақ бұл алдамшы әсер: пигменттердің нақты өлшелген арақатынасы бұл реңктерді ерекше етеді. Бұларға ұқсас реңктерді табу қиын. Брендтің табынушылары сол үшін де көп.

Givenchy: металл жалтыл

Extravagancia Givenchy күзгі топтамасы екпінді металға қойған екен. Bronze Insensé 20 лагының және Parure Scintillante 21 ірі алтын глиттердің көмегімен Badgley Mischka және Libertine күз-қыс топтамасында көрсеткен сәнбикелерінің маникюрін жасауға болады.

Lancome және Giorgio Armani: тас реңктері

French Idole Lancome топтамасында жартылай асыл тастар түстерінен шабыт алған металл лактарды табасыз. Олар: Topaze Rose 439 алқызыл, Améthyste Brune 387 күлгін және Tourmaline Noire 197 қара лактары.

Тенденцияны Giorgio Armani да қолдап, күздік топтамасына 624, 214, 714 және 724 реңктерін қосты.

Deborah Lipmann: хромдалған металлик

Әр реңк танымал әннің атымен аталған: маджента – Юдей Луис Боуманның «12th Street Rag» сазының құрметіне, алтын – Вернон Дюктың «Autumn In New York» джаз композициясы құрметіне, күлгін  Эрл Хэганаи Дик Роджерстің «Harlem Nocturne» композициясына, көгілдір ақ – Ричард Роджерстің «I’ll Take Manhattan» әніне, шабдалы түстесі – Гарри Уоррен мен Эл Дубиннің «Lullaby Of Broadway» әніне, күміс-сұр – Билли Стрейхорнның «Take The «A» Train» джаз композициясына арналған.

Zoya: нәзік пастель реңктер

Жарқын лактарды ұнатпайтындарға Zoya ұсынған Naturel Deux топтамасы жарайды. Бадам түстес Chanelle, ашық-алхоры түсті Aubrey, шоколад түсті Emilia, сарғыш кэмел Spencer, қошқыл-алхоры түсті Marnie, шаң-тозаңды алқызыл Madeline. Қарапайым және бейтарап түстер кез келген дресс-кодқа жарасымды. 

Жалғасы бар...

Дайындаған: Анар Мұстафина

Сурет: passion.ru

Оқи отырыңыз:

Күз-қыс 2014-2015: сәнді түстер, реңктер мен принттер

Күз-қыс 2014-2015: сәнді түстер, реңктер мен принттер (жалғасы)


A. Mustafina