Косметика жайлы қызықты фактілер

Косметика жайлы қызықты фактілер

Қыз-келіншектердің көмекшісіне айналған косметика жайлы қызықты фактілерді ұсынамыз:

1. Сәнді және емдік косметика ежелгі Мысырда танымалдылыққа ие болды. Мысыр сұлулары шаштарын бояп, опа, қабақ бояуын пайдаланған еді. Папирустарда египеттік арулардың сұлулыққа жету үшін «косметикон» деп аталатын қара үгіндіні көздеріне, мыс малахитін маңдайларына жаққаны суреттеледі. Ал оны жуып, кетіру үшін ұнтақталған кірпіш, құм немесе күлді пайдалануға тура келді. Себебі, ол кезде сабын әлі жоқ еді.

2. Косметолог кәсібі алғаш рет ежелгі Грекияда пайда болған. Әйелдерге бет кемшіліктерінен арылуға көмектескен адамды «космет» деп атаған екен. Ол массаж, сумен емделу, иісмай жағуға кеңес берумен қатар беттің кемшіліктерін косметикамен жасыруға көмек беретін.

3. Римде косметикаға көбірек қызыққан екен. Тіпті, Рим сенаты Египет, Қытай, Арабия елдерінен косметика импорттауды азайту туралы заң қабылдауға мәжбүр болды. Себебі косметика сатып алу қазынаға кері әсерін тигізген еді.

4. Далапты алғаш рет Месопотамияда пайдаланды. Оны қызыл пигмент, балауыз және аңның майынан жасаған екен. Кейінірек далап ежелгі Египет, Грекия мен Римде пайда болды. «Далап» сөзі латынның «pomum» сөзінен шыққан. Бұл сөз «алма» мағынасын береді, расында да, алғашқы далаптар алмадан жасалған.

5. Тырнақ бояуы алғаш рет б.з.д. XXX ғасырда ойлап табылды. Қара жұмыспен айналыспайтындарын білдірту үшін қыз-келіншектер 25 см ұзындығына дейін тырнақ өсіретін. Ал еркектер үшін ұзын тырнақ – жамандықтан қорғайтын тұмар саналды.

6. XVII ғасырда опа сәнге айналды. Оны әйелдер де, ер адамдар да бетке, шашқа жаққан. Кейінірек тышқан терісінен жасалған қас жабыстыру да сәнге айналды. Сондай-ақ ауызға дөңгелек пішінді нәрселер салып, бетті дөңгеленген етіп көрсетуге тырысқан. Қоғам алдына өзіңнің табиғи кейпіңде шығу – нағыз әдепсіздіктің белгісі саналған екен.

7. Виктория дәуірінде Англия жерінде косметиканы пайдалану, керісінше, әдепсіздік саналған екен. Сондықтан әйелдер еріндерін тістеп, беттерін шымшып, қызартатын.

8. Алғашқы кірпік бояғышты ХІХ ғасырда «Юджин Риммель» компаниясы ойлап тапты. «Rimmel» сөзі португал, румын тілдерінде «кірпік бояуы» болып аударылады екен.

9. Алғашқы заманауи кірпік бояғышты 1913 жылы Уильямс атты химик өзінің Мабель атты қарындасына арнап ойлап тапты. Ол бояу көмір үгіндісі мен вазелиннен жасалған еді. Mabel аты мен Vaseline атауынан әлемге танымал Maybelline косметикалық компаниясының атауы шықты.

Ал сіз косметика жайында қандай қызықты фактімен бөлісе аласыз?

Сурет:visage.in.ua

Оқи отырыңыз:

Жігіттердің арманындағы ботагөз ару болу оңай ма?

Бойжеткенге арналған кеңестер

Секонд хэнд туралы не білесіз?

Ауа тазартқышты қолдан жасауға бола ма?

Ф. Абилова