- Негізгі бет
- Сымбат
- Бір күн ішінде...
Бір күн ішінде 2 кг салмақтан арылғыңыз келе ме?
Жарыс алдында салмағын есептейтін кезде спортшылар бір күн ішінде артық салмақтан арылып үлгеруге тырысады. Осы секілді бойжеткендер де бір күн ішінде арықтағысы келетін кездер болады. Киетін киімінің сыймай қалуы себеп болуы мүмкін. Кезекті материалымызды 1 күн ішінде 2 кг салмақтан арылу тәсілдеріне арнауды жөн көрдік.
1 күн ішінде 2 кг салмақтан арылуға болады. Ең тиімді тәсіл деп «ашығуды» айтамыз. Адам баласының ағзасы бір күн аштыққа шыдай алатындай құрылған. Тіпті бір апта сусыз, екі ай тамақсыз өмір сүре алады екен. Егер сусыз жүре алмаймын деп ойласаңыз, тек тағамдардан бас тартуыңызға болады.
Диетаны неден бастаймыз?
Түнде іш жүргізетін тұзды дәрі ішіп, тамақ ішуді тоқтатыңыз. Күні бойы ешнәрсе жемей, газдалмаған су ішіңіз. Егер бірінші рет ашыққан болсаңыз, кешкі мезгілде басыңыз ауырып, ашушаң боласыз. Мұндайда күйзеліске қарсы тұруға көмектесетін су ішкен жөн.
Жылы суға шай қасық бал мен лимон шырынын салып, араластырамыз. Калориясы өте төмен әрі көңіл-күйді бірден көтереді.
Қатты ашығып қалсаңыз, кешке орамжапырақ пен сәбізді өсімдік майына араластырып жеуіңізге болады. Ағзадағы су да сыртқа шығып, ішек жолы толықтай тазарады.
1 күн ішінде 2 кг салмақтан арылудың тағы бір жолы бар. Ол тәсілді жүзеге асыру үшін жаңа піскен қияр қажет. Қиярдың 100 гр-да 15 ккал болады. Сондықтан оны қанша жесеңіз де, семірмейсіз.
Күні бойы жаңа піскен қиярды жеңіз. 2 кг қияр жеткілікті. Оны тұздауға болмайды. Ал суды қалағаныңызша ішіңіз.
Ал сіз арыктау үшін не істедіңіз?
Қ. Бүйенбай