Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Артық салмақтан қалай арылуға болады?

Артық салмақтан қалай арылуға болады?

Артық салмақтан қалай арылуға болады?

Артық салмақтан арылу үшін жай ғана армандау жеткіліксіз. Кейде диетаның өзі де көмектеспеуі мүмкін. Осындайда ағзаға пайдалы тағамдар жеп, түрлі спорттық жаттығу жасаудың пайдасы зор.

Кез келген бойжеткен сыртқы келбетінің мінсіз болғанын қалайды. Өкінішке орай, фитнеске немесе жаттығу залына баруы үшін ақшасы немесе уақыты жетіспейді. Дәл осындай жағдай сіздің де басыңызда болса, уайымдамаңыз. Себебі фитнес пен жаттығу залын үйде жасалатын жаттығулармен алмастыруға болады. Ең бастысы, адам өзін моральдық тұрғыдан дайындап, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тырысуы керек.

Егер неден бастау керектігін білмесеңіз, сайтымыздағы видео сабақтарды қарауыңызға болады.

Жаттығуларды күнделікті таңертең жасаған жөн. Енді арыктау үшін қандай жаттығулар жасайтынымызды қарастырайық:

1. Бірден жаттығулардың қиын түрін жасауға болмайды. Денеңізге зақым келтіріп, денсаулығыңызды құртуыңыз мүмкін. Ең бірінше кезекте дұрыс тыныс алуға мән беру керектіктен, жаттығуларды екі қолды көтеріп-түсіруден бастаңыз. Бұдан кейін алдыға, артқа еңкейіңіз.

2. Көп қыз беліндегі артық салмақтан арылғысы келеді. Одан арылу үшін екі қолды желкеге қойып, отырып-тұрыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз. Кем дегенде осы жаттығуды 10 рет жасаңыз.

3. Аяққа арналған жаттығудың да пайдасы мол. Бұл кезде бәріміз бала күнімізден білетін «велосипед» деген жаттығу көмекке келеді. Ол үшін бар болғаны аяғыңызды көтеріп, көзге көрінбейтін велосипед айдаңыз.

4. Бір орында тұрып секіру. Бір аяқта тұрып секіруге де болады.

5. Ең соңында бір орында тұрып жүріңіз. Тізеңіз бел деңгейіне дейін жеткені жөн.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Фото: rudaki.ru
Қосылған күні: 03 тамыз 2015, 16:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.