Арықтауға арналған қияр диетасы

Арықтауға арналған қияр диетасы
Фото: evehealth.ru

Әр диетаның өз уақыты бар. Шілде айының ортасы — қияр диетасының уақыты. Себебі, бақшаңыз бар болса, қазір қиярдың жақсы пісетін уақыты.  Базардан да қолжетімді бағаға оңай табуға болады. Қияр диетасы немесе қияр негізіндегі жеңіл тамақ берілетін күндер артық салмақтан және ісіктен арылуға, тері жағдайын жақсартуға, ішектердің жұмысын реттеуге көмектеседі. 

Қияр диетасы суды және өсімдік негізіндегі тағамдарды көп мөлшерде қолдануға негізделген. Қияр 95% судан тұрады. Аптасына 1 немесе 2 күн қиярға негізделген жеңіл тамақ берілетін күн немесе 7-14 күн қияр диетасын ұстауға болады. Кез келген диетаның немесе жеңіл тамақ берілетін күндердің басты ережесі — тұз және тұзды азық-түліктерді қолданбау. Күніне тағамды 5-6 рет жеу керек.  

Бір аптаға арналған қияр диетасы

Дүйсенбі

Таңғы ас: қарабидай нанының 1 тілімі + 2 қияр
Түскі ас: көкөніс сорпасы (кәді, брокколи немесе балдыркөк тамырынан дайындалған) + алма
Түстік: 1 грейпфрут
Кешкі ас: салат (қияр, көк, өсімдік майы)

Сейсенбі

Таңғы ас: қарабидай нанының 1 тілімі + 1 қияр
Түскі ас: суға піскен 50 гр сиыр еті + салат (шалғам, қияр және көк)
Түстік: 1 алма
Кешкі ас: салат (шалғам, қияр және көк)

Сәрсенбі

Таңғы ас: кебегі бар нанның 1 тілімі + 2 қияр
Түскі ас: буға піскен 100 гр балық + суға қайнаған 100 гр күріш + тұзы аз қияр
Түстік: 1 қияр
Кешкі ас: зәйтүн майымен араласқан салат (шалғам, қияр және көк)

Бейсенбі

Таңғы ас: қарабидай нанының 1 тілімі + 1 қияр
Түскі ас: суға қайнаған 100 гр күріш + 50 гр майлы емес ірімшік + 1 қияр
Түстік: 1 алмұрт
Кешкі ас: салат (қияр, көк, өсімдік майы)

Жұма

Таңғы ас: кебегі бар нанның 1 тілімі + 2 қияр
Түскі ас: салат (қияр, сәбіз, көк, шалғам, орамжапырақ) + апельсин
Түстік: 1 алма
Кешкі ас: 20 гр майлы емес ірімшік + салат (қияр, көк, өсімдік майы)

Сенбі

Таңғы ас: қарабидай нанының 1 тілімі + 1 қияр
Түскі ас: көкөніс сорпасы (кәді, брокколи немесе балдыркөк тамырынан дайындалған) + суға піскен 1 жұмыртқа
Түстік: 1 грейпфрут
Кешкі ас: салат (қияр, көк, өсімдік майы)

Жексенбі

Таңғы ас: қарабидай нанының 1 тілімі + 2 қияр
Түскі ас: көкөніс сорпасы (кәді, брокколи немесе балдыркөк тамырынан дайындалған) + алма
Түстік: 1 қияр
Кешкі ас: салат (қияр, көк, өсімдік майы)

Су, шай және табиғи шырындарды шектеусіз мөлшерде ішуге болады.

А. Жапатова