Тұзды көп тұтыну денсаулыққа пайдалы ма?

Тұзды көп тұтыну денсаулыққа пайдалы ма?

Тұз – адам денесінің зат алмасуы үшін қажетті зат, десе де, оны қалыптан тыс көп тұтыну – зиян. Дәрігерлер тұзды қалыптан тыс тұтынудың жоғары қан қысымына, жүрек ауруына және бүйрек қабынуы сияқты ауруларға әкелетінін дәлелдеп отыр.

Ғалымдардың көрсетуінше, осы ауруды тудыратын нәрсе ас тұзының басты құрамы болатын натрий екен. Өйткені, жайшылықта бүйрек натрийді организм ішінде белгілі мөлшерде сақтайды, егер адам денесіндегі натрий кемшіл болса, бүйрек өз қызметін тездетіп, натрийді қанға өткізеді. Ал оның мөлшері шамадан асып кетсе, бүйрек оны сыртқа шығаруға дәрменсіз қалады да, натрий қанға ұзақ тұрып қалып, ағза оны сумен сұйылтуға тырысады. Нәтижесінде, қандағы су құрамын көбейтіп, қан қысымын өрлетеді, сонымен бірге, жүректің де соғу реті тездейді.

Қалыптан тыс көп болған натрий денеде көлкілдеген ісік пайда қылып қана қалмастан, жүректің қызметін ауырлатып, жүректі әлсіретеді. Зерттеу нәтижесіне негізделгенде, әдетте, тұзды көп тұтынатындарда жоғары қан қысымы ауруының пайда болу салыстырмасы тұзды аз тұтынатындарға қарағанда жоғары болады екен, сондықтан жоғары қан қысымы бар адамдар тұзды әр күні 5 грам мөлшерінде ғана пайдаланса болады.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: haowandeyeyou.com

M. Auelkhan