Күзде теріні құрғаудан сақтау үшін...

Күзде теріні құрғаудан сақтау үшін...

Күзде тері ерекше күтімді талап етеді. Мына кеңестерді біліп жүрсеңіз, күзде теріге тән құрғақтықтан арыла аласыз.

1-Ереже. Бет пен дене терісіне арналған скрабтар қолданыңыз. Ол терінің беткі бөлігін тазартып, жаңартады. Скрабты өзіңіз де жасай аласыз. Мысалы, 5 ас қасық теңіз тұзына 1 ас қасық зәйтүн майын қосыңыз. Үстінен жарты лимонның шырынын қосып, араластырыңыз. Скраб дайын!

2-Ереже. SPF-кремдерді келесі жазға дейін алыс сөреге салмаңыз. Оларды әлі де қолдана беріңіз. Жалпы, SPF-кремдерді әр маусымда қолдану керек. Мысал үшін, қыста күннің әсері жаздағы күннің әлдеқайда зиян болады.

3-Ереже. Теріңізді міндетті түрде қосымша тоник, лосьондармен ылғалдандырыңыз. Май негізінде жасалынған сұйықтықтар да өте жақсы болады. Ондай ғажап кремді өзіңіз де жасай аласыз. Қолданып жүрген креміңізге бірнеше тамшы кокос не күнжіт майын қосыңыз. Май ылғалды теріде ұстап қалудың бірден-бір амалы. Ал күзгі кезде аса ылғалдандыру өте маңызды.

4-Ереже. Қол терісі жайлы ұмытпаңыз. Жылы майлы маскалар жасап, күнделікті бірнеше рет қолға крем жағудан шаршамаңыз. Үй жұмысын жасағанда арнайы қолғап киюден бас тартпаңыз.

5-Ереже. Күзде үйге тоңып келсеңіз де, ұзақ уақыт ванна не душ қабылдамаңыз. Бұл терінің шамадан тыс құрғап кетуіне өз ықпалын тигізе алады. 

6-Ереже. Күзде әтір мен иіссуларды барынша сирек қолдануға тырысыңыз. Олардың әсерінен теріде құрғақтық сезімі пайда болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: fye-orbis.com

С. А