Скрабтың жаздағы пайдасы

Скрабтың жаздағы пайдасы

Денеге арналған скраб - жыл бойы пайда әкелетін косметикалық құралдардың бірі. Оның қазіргі маусымдағы пайдалы жақтарымен таныс болып, дұрыс қолданыңыз.

Тері тазалығы 

Жазда теріміз басқа маусымдарға қарағанда көбірек тер мен май бөледі. Демек, ол тезірек кірлейді. Сондықтан теріміз ерекше тазалықты қажет етеді. Қарапайым душқа арналған гель, крем, не сабын бұл тазалықты қамтамасыз ете алмайды. Ал скраб теріні тазалап, безеу, қара нүктелердің пайда болуына жол бермейді.

Целлюлиттің алдын алу

Скраб қан айналымын жақсартып, теріні өлі жасушалардан арылтады. Сондықтан целлюлиттің алдын алу бағдарламасына кофеин қосылған скрабты қосыңыз. Осы дауаны жиі жасайтын болсаңыз, болашақта бұндай қиындықтарға кездеспейсіз.

Тегіс күю

Қара торы болуды армандасаңыз, демалыста жағажайға шықпас бұрын, теріңізді скрабпен ысқылап жуыңыз. Ол теріні өлі жасушалардан тазалап, күнге тегіс күюге көмектесесіз. Бұл ереже автозагарға да қатысты. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: monitorulvn.ro

С. А