Тушь сақтау сырлары

Мамандардың айтуынша, кірпік бояуға арналған тушьтің қақпағы ашылғаннан кейінгі ғұмыры - 4-ақ ай. Жаңа тушіңіз одан да ұзақ сізге қызмет жасасын десеңіз, мына кеңестерді біліп жүріңіз.

Кірпік бояғанда тушьтің жаққышын түтікке бірнеше рет салмаңыз
. Себебі тушь сауытына ауа кіріп кетіп, артынан микробтардың дамуына ықпал етуі мүмкін. Жаққышқа көбірек бояу жабыссын десеңіз, тушьті сауытына салып, айналдырыңыз. Жаққышта артық бояу қалса, оны түтіктің шетіне сүртпей, абайлап қағаз майлығымен сүртіп тастаңыз. Кірпіктеріңізді бояп тұрған сәтте түтікшені саусақпен жауып тұруды ұмытпаңыз. Осылайша түтікке артық ауаның, шаң-тозаңның кіруінен сақтайсыз. Бояу жақсы жатсын десеңіз, алдын ала тушь сауытын қолыңызбен не суда жылытып алыңыз. Кірпіктеріңізде түйіршіктер қалып жатса, жаққышты қағаз майлығымен сүртуді әдетке айналдырыңыз. Тушьқа су, май, басқа да еріткіш заттарды қоспаңыз. Бұл көзіңізде аллергия қоздыруы мүмкін. Тушь құрғап кетсе, оны лақтыруға тура келеді. Тушьті жуынатын бөлмеден, батареялардан, шамнан алыс сақтаңыз.

Міне, осындай оңай кеңестерді орындап жүрсеңіз, тушь өмірін тағы да бір-екі айға ұзарта аласыз. Есіңізде болсын, тушьтің иісі шығып, түйіршіктеніп, құрғап жатса, демек, оның уақыты келді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: melon-panda.livejournal.com