- Негізгі бет
- Кино
- "Свадьба на троих"...
"Свадьба на троих" фильмі Қырғызстанда көрсетіледі
Режиссер Асқар Бисембиннің қазақстандық «Свадьба на троих» туындысы 30 сәуірден бастап Қырғызстанда көрсетіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып.
Айта кетсек, аталған фильм еліміздің кинотеатрларында 5 наурыздан бастап көрсетіліп, ауқымды қаржы жинаған болатын. Романтикалық комедия бір апта ішінде 470 мың доллар көлемінде табыс тапқан.
Картина Мәскеуде «жұмыс істеп», өмір сүретін алаяқ Азаматтың (Дәурен Айдарқұлов) тағдырын баяндайды. Кезекті алаяқтығының арқасында басы бәйгеге тігіледі. Өзі алдаған адамдардың бірі оны өлтіруге тапсырыс береді. Жігіт жалдаптардың тілін тауып, аз уақыт ішінде 200 мың доллар тауып беремін деп келіседі. Осылайша ақша іздеп, жеті жыл бұрын қашып кеткен Алматыдағы үйіне оралады. Осы кезде оның ескі досы Тимур (Нұртас Адамбаев) сүйіктісін (Аружан Жазылбекова) алып қашуға көмек сұрайды. Тойға уақыт жақындаған сайын оқиғалар шырмала береді. Тіпті той болмай қалуы мүмкін жағдайға жетеді.
Сурет: Massaget.kz
Ұқсас жазбалар:
"Свадьба на троих" әртістері фильмнен алған әсерін бөлісті
"Свадьба на троих" фильмі бір аптада 453 мың доллар жинады
Америкалықтар қыз алып қашу дәстүрі туралы фильм түсіреді
Қ. Бүйенбай