«Свадьба на троих» фильмі бір аптада 453 мың доллар жинады

«Свадьба на троих» фильмі бір аптада 453 мың доллар жинады

«Свадьба на троих» фильмі бүгінге дейін прокаттан 453 мың АҚШ долларын жинап үлгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елімізде 5 наурыз күні «Свадьба на троих» фильмі прокатқа шыққан еді. Ол небары бір аптаның ішінде 453 мың АҚШ долларын жинап үлгерді.

Продюсер фильмге 350 000 АҚШ доллар жұмсалғанын және прокатта жинауы мүмкін деп болжанған ақшадан артық жұмсамауға тырысқандарын айтты.

Продюсер басты рөлдерге өз ісінің шеберлерін ғана шақырса да, арасында бұрын-соңды фильмге түспеген әртістер де болған. Мысалы, бұрынғы КВН ойыншысы Дәурен Айдарқұлов фильмге алғаш рет түскен. Мұнымен қатар, «Ғашық жүрек», «Рывок», «Сәбина келін» сынды фильмдерге түсіп үлгерген Нұртас Адамбаев та қатысты.

Ал екі дос таласатын жас келіннің рөлін Аружан Жазылбекова ойнады. 

Сурет: вк желісінен 

Қ. Бүйенбай