- Негізгі бет
- Кино
- Леонардо Ди Каприо...
Леонардо Ди Каприо 24 адамның рөлін ойнайды
Леонардо Ди Каприо жаңа жобаны қолға алды. Ол "The Minds of Billy Milligan" атты кітаптың экранизациясында басты рөлді сомдайды.
Бұл еңбек Билли Миллиган атты адамның психикалық ауытқуын баяндайды. Билли шын өмірде болған адам. Оның санасында 1 емес 24 адам "өмір сүрген".
Ол - Филипп атты қылмыскер, есірткі сататын Кевин, өгей әкесін өлтіруді мақсат ететін Апрель, 8 жасар Дэвид, Артур атты ағылшын және басқа да ер, әйел, бала, қыз және осы "адамдардың" бәрін билей алатын Мұғалім атты тұлға.
Бір күні Миллиган абақтыда оянып, бірнеше әйел адамды ұрлып, зорлағаны үшін айыпталғанын біледі. Сотта ол есуастығы үшін жауапкершіліктен босатылды.
Сондай-ақ, Ди Каприо фильмнің продюсері болуы мүмкін. Фильмнің түсірілімі, шығу мерзімі туралы ақпарат әзірге белгісіз.
Сурет: moviepilot.com
Оқи отырыңыз:
"Темір адам" жақында ғаламат жаңалық болатынын жариялады
"Форсаж 7" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылды
"Саған өмірлік қиындықтарды жеңудің сырын ашып берейін бе?"
"Жұлдыздар шайқасы" фильмі қазақ тілінде дыбысталады
Ф. Абилова