- Негізгі бет
- Кино
- Кинодағы айдаһар бейнесі...
Кинодағы айдаһар бейнесі қалай жасалады? (Видео)
Қазіргі заманның технологиясы киноөндірістің дамуына да үлкен мүмкіндік беруде. Айта кетсек, ғылыми-фантастикалық жанрда жазылған кітаптардың желісі бойынша түсірілетін фильмдерде айдаһар кейпін келтіру өте күрделі жұмыс болып табылады. Сонымен олар қалай жасалады?
Әлемге әйгілі «Тақтар ойыны» (Игра престолов) сериалының желісінде айдаһарлар көптеп кездеседі. Фильмдегі айдаһарлардың шынайы бейнесін жасау үшін Pixomondo компаниясы үш өлшемді модельді қолданған. Алдымен аталған модельде айдаһарлардың қаңқасы құрастырылып, физика және физиология заңдылықтары бойынша олардың бұлшықеттерін қалыптастырады.
Түсірілім кезінде Дейнерис Таргариен, яғни Кхалиси рөлін сомдаушы әртіс Эмилия Кларк айдаһарды емес, жасыл қапшықты сипайды. Ал оны алып бауырымен жорғалаушыға айналдыру CG-моделімен айналысатын аниматорлардың жұмысы. Расында түсірілім кезіндегі сюжет пен дайын кинокартинаға қарасаңыз таңырқайсыз. Ендеше осының бәрін төмендегі видеодан тамашалаңыз.
Сурет: ageofgeeks.com
Оқи отырыңыз:
«Хоббит: Бес алыптың шайқасы» фильмі қалай түсірілді? (Видео)
Тимур Бекмамбетов жаңа тарихи драма түсіруді бастады
Брэд Питт екінші дүниежүзілік соғысқа арналған жаңа фильмге түседі
Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрынғы сценарий бойынша фильм түсірді
Ж. Өрісбай