Тимур Бекмамбетов жаңа тарихи драма түсіруді бастады

Тимур Бекмамбетов жаңа тарихи драма түсіруді бастады

Режиссер Тимур Бекмамбетов «Бен-Гур» тарихи драмасының түсіріліміне кірісті. Фильмнің түсірілімі 2 ақпанда Италияның оңтүстігіндегі көне Рим империясының бірегей ғимараттары, атап айтсақ, император Адрианның вилласы сақталған Матера қаласында басталды, деп хабарлайды bnews.kz ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, кинорежиссердің жаңа туындысы Рим қаласында да түсіріледі. Жаңа фильмнің сюжеті Лью Уоллестің алғаш рет сонау 1880 жылы жарық көрген «Бен-Гур: Христостың тарихы» романына негізделген. Басты рөлді британдық әртіс Джек Хьюстон сомдайды, ал Иса Пайғамбардың рөлін бразилиялық Родриго Санторо ойнайды. Фильмге танымал америкалық әртіс Морган Фриман да түседі.

сурет: kommersant.ru

Е. Қайрахан