- Негізгі бет
- Кино
- "Дивергент 2: Инсургент"...
"Дивергент 2: Инсургент" фильмінің ерекшелігі не?
"Дивергент" – Вероника Рот атты жазушының "Дивергент" немесе "Избранная" деп аталатын антиутопиялық жанрдағы романына негізделген фильм.
2014 жылғы шыққан "Дивергент" фильмінің екінші бөлімі ағымдағы жылдың ақпан айында прокатқа шықты. Роберт Швенткенің жетекшілігімен түсірілген бұл бөлім біріншісінен әлдеқайда өзгеше. Әрине, жаңа сценарий, жаңа мақсат болғанымен, идея бір.
"Бұл әлемде бір нәрсені өзгертудің уақыты келді" деген ұранмен шыққан екінші бөлім фантастика мен экшн фильмдерін көруге бейім жандарға ұнары сөзсіз. "Инсургентте" төбелес, арпалыс, шабуыл көбірек. Ал "Дивергентте" көбінде үйрену мен қашу болғандықтан, бөлімдердің әрқайсысы ерекше болып көрінетіні анық. Әрі бірінші бөлімі психологиялық жағынан тереңдеу.
Бірінші бөлімі
Бірінші бөлімде басты рөлдегі Трис сырттай қарағанда әлсіз, сенімсіз көрінеді. Алайда оның батыл іс-әрекеттері, өмірін күрт өзгерткен арманына деген ынтасы көрермен көңілінен шықты. Ал екінші бөлімде Трис мүлде өзгереді: ашулы, бір мақсатты көздеген ару енді кез келген алып жігітті құлатып, есінен тандырады. Тіпті сырт келбетін де өзгертіп, шашын қысқа етіп қияды.
Неліктен?
Бірінші бөлімде Трис өзінің досын өлтіруге мәжбүр болғаны есіңізде ме? Ол әлі сол күнді түсінде көреді. Ата-анасының, досының өлімі үшін өзін кінәлайды. Сол кінәдан арылу үшін ол шашын қиып, өзгергісі келеді.
Бұл әрекет көрерменді толғандырады. Батыл, мейірімді, қарапайым қыздың мінезіндегі өзгерістер көзінен-ақ байқалады.
Киноиндустриядағы сирек кездесетін құбылыс – бір фильмнің барлық бөлімдерінің бірдей дәрежеде бағалануы. "Дивергенттің" екі бөлімі де өзіндік ерекшелігімен құнды.
Ендігі күтетініміз – үшінші әрі соңғы бөлім. Верониканың "Эллигент" деп аталатын үшінші бөлімі оқырмандарға қатты ұнағаны ғаламтордан белгілі. Бұл жолы Трис пен Тобиасты не күтпек?
Аталған фильмге спецэффект, актерлік шеберлік, сценарий жағынан жоғары баға беруге болады. Фантастика, антиутопия және мелодрама жанрын ұнататын жандарға баруға кеңес береміз.
Сурет: kinopoisk.ru
Ұқсас жазбалар:
"Жабайы оқиғалар" фильмі жайлы бірер сөз
"Перизаттар: құбыжық туралы аңыз" анимациялық фильмі туралы
Ф. Абилова