60-қа жақындаған Джордж Клуни алғаш рет әке атанды
![60-қа жақындаған Джордж Клуни алғаш рет әке атанды](/userdata/news/news_46315/image_l.jpg)
Фото:
today.com
56 жастағы актер Джордж Клуни алғаш рет әке атанды. Актердің әйелі, 39 жастағы заңгер Амал Клуни дүниеге егіз бала әкелген. Оның бірі – қыз, екіншісі – ұл.
Голливуд жұлдызының өзі 56 жасында әке болғаны жайлы пікір айтып, "отбасын кеш құру керек", - деп әзілдеген. "Менің басты бөлігім – мені қаумалаған достарым. Балаларының алды колледжге баратын жасқа жетті. Достарым маған қарап күледі", - дейді "Оскар" сыйлығын бірнеше рет иеленген Джордж Клуни француз шоуларының бірінде. Актердің айтуынша, өмірінің маңызды сәтінде 8 досы қасында болған.
Ресми дереккөз: "Элла, Александр, Амалдың денсаулықтары жақсы. Егіздің әкелері Джордж Клуни де өз-өзіне келуде", - деген әзіл-шыны аралас ақпарат таратты.
М. Оңғарова