Шілде айында қандай фильм көреміз?

Маусымның бел ортасына да келдік. Алда әлі 79 жазғы күн мен түн бар. Бұл уақытты құр жібергісі келмейтін жандар өз қызығушылығына қарай әртүрлі тынығады. Кейбірі әлеуметтік желілерден тыйылса, бірі жаңа кино күтеді. Қызығушылығын соңғы мысалмен байланыстыратын оқырмандар шілде айының 7-жұлдызынан бастап мына фильмдерді кинотеатрлардан тамашалай алады. 

«Данышпан» (түпнұсқасы: «Genius», орысша: «Гений»)

Елі: Ұлыбритания, АҚШ, 2016 
Режиссері: Майкл Грандадж 
Жанры: Драма 
Рөлдерде: Николь Кидман, Джуд Лоу, Колин Фёрт, Гай Пирс, Доминик Уэст, Лора Линни, Ванесса Кирби, Марк Арнольд, Бернард Коллако, Атул Шарма 

Екі талантты адамның қарым-қатынасы бұл фильмге арқау болып отыр. Фильмнің басты кейіпкері – Томас Вулф және Макс Перкинс. Макс Перкинс – осы уақытқа дейін Ф.Скотт Фицджеральд, Эрнест Хемингуэй секілді әйгілі жазушылардың туындыларын оқырмандарға жеткізіп жүрген баспагер. Ал Томас Вулф өз туындыларын кітапқа айналдыра алмай жүрген жазушы. Баспагер мен жазушының арасында қандай байланыс орнауы мүмкін?

«Саған дейін» (түпнұсқа: «Me Before You», орысша: «До встречи с тобой»)

Елі: АҚШ, 2016 
Режиссері: Теа Шэррок 
Жанры: Драма 
Рөлдерде: Эмилия Кларк, Сэм Клафлин, Дженна Коулман, Чарльз Дэнс, Мэттью Льюис, Брендан Койл, Джанет МакТир, Ванесса Кирби, Бен Ллойд-Хьюз, Лили Треверс 

Белгілі жазушы Джоджо Мойестің фильммен аттас романның желісі бойынша түсірілген бұл фильмді нәзік жандылар қауымы асыға күтіп жүр. Лу Кларк есімді қыз өзінің үйреншікті жұмысында жасап жүріп, үйіне қолғабыс көрсетеді. Бір-ақ күнде жұмысынан айрылып қалады. Жұмыс іздеп жүргенде көмекке мұқтаж жанға қарайласатын қызмет табылады. «Қарт адамға қалай қарайды екенмін» деген оймен жұмыс берушінің үйіне де келді. Бәрі осы сәттен басталады...

«Менімен жүр» (түпнұсқа: «Go with Me», орысша: «Идём со мной»)

Елі: АҚШ, 2015 
Режиссері: Даниэль Альфредсон 
Жанры: Триллер 
Рөлдерде: Джулия Стайлз, Александр Людвиг, Энтони Хопкинс, Тэйлор Хиксон, Рэй Лиотта, Локлин Манро, Хэл Холбрук, Алекс Паунович, Стив Бачич, Крис Готье 

Оқудан туған жеріне қайтып келе жатқан Лилиан Блэквэй есімді арам пиғылды адамның құрығына түсіп қалады. Оны табу үшін қаланы шарлап, басына көтереді. Бұрынғы шериф Блэквэйден бәрі қорқатын, себебі ол қазір елдің тыныштығын қорғамайды: тыныштығын бұзады.

«Қайран» (түрнұсқа: «The Shallows», орысша: «Отмель») 

Елі: АҚШ, 2016 
Режиссері: Хауме Кольет-Серра 
Жанры: Триллер 
Рөлдерде: Блейк Лайвли, Оскар Хаэнада, Седона Ледже 

Шегі көрінбейтін мұхит, адам аяғы баспаған жағажай және тамаша ауа райы – серфингшіге қажетті нәрселер. Толқынды тауып, онымен жарыса жүзу — олардың ермегі. Серфингті сүйетін қыз жалғыз өзі аралға келіп, серфингпен айналысамын десе, оған ешкім бөгет бола алмайды. Бірақ...

«Жартылай тыңшы» (түпнұсқа: «Central Intelligence», орысша: «Полтора шпиона»)

Елі: АҚШ, 2016 
Режиссері: Роусон Маршалл Тёрбер 
Жанры: Комедия 
Рөлдерде: Дуэйн Джонсон, Аарон Пол, Кевин Харт, Эми Райан, Райан Хансен, Меган Парк, Даниэль Николет, Бобби Браун, Спэрроухок, Слэйн 

Мектеп кезінде жолы болмай жүрген досыңыз жиырма жылдан кейін адам танымастай өзгерсе, қуанасыз ғой. Бірақ ол ұлттық қауіпсіздік комитетінде тыңшы болып қызмет атқарса ше? Оған қоса, сізді өзімен бірге қауіпті операцияға алып кетсе не істер едіңіз?