Белгілі түрік актері Кенан Имирзалыоғлы үйленді

Белгілі түрік актері Кенан Имирзалыоғлы үйленді
Фото: vk

Кенан Имирзалыоғлы Синем Кобалға үйленді, − деп хабаралйды Hurriyet.com. Үйлену тойына Түркияның бірқатар белгілі актерлері мен әншілері келді. Неке қиғаннан кейін жас жұбайлар қонақүй сыртына шығып, тілшілерге сұхбат берді.

Кенан сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты қаңтар айында жасаған.  Қос актер қазақстандық көрермендерге жақсы таныс. Кенан Имирзалыоғлы «Асау жүрек» телехикаясы және «Аждаһа тұзағы» фильміндегі Юсуф Мироғлының рөлін сомдаған, Синем Кобал «Сырлы Ыстамбұл» телехикаясындағы Су Мабенджи рөлімен танылды. Кенан Имирзалыоғлы актер ғана емес, сонымен қатар модель болса, Синем де сәнбике әрі көптеген фильм мен телехикаялардың сценарийшісі, − деп жазады 24.kz.

 null null null null

С. Ерсін