Адамзат тарихындағы ең қымбат фильмдер

Адамзат тарихындағы ең қымбат фильмдер
Фото: wallpapercave.com

Адамзат тарихындағы ең алғашқы фильм "Ла-Сиот вокзалына келген пойыз" деп аталады. Ол 1896 жылы жарық көрген, ағайынды Люмьерлер түсірген. Бұл фильм үшін қанша қаржы жұмсалғаны беймәлім. Бірақ одан кейінгі фильмдер үшін жұмсалған қаржы уақыт өткен сайын өсіп отырды. Қымбатқа түскен фильмдер де бар. Олардың кейбірі шығынды өтемей жатса, енді бірі кеткен қаржының орнын 4-5 еселеп жауып жатыр. Сонымен, қазіргі кезге дейін түсірілген ең қымбат фильмдерді тізіп шығайық.

2012 жылы "Аватар" фильмін әлемдегі ең қымбат фильм аталған. Арада 4 жыл өткенде бұл кинофильм ондықтың соңғы шебін ұстап тұр.

10. "Аватар"

2009 жылы атақты Джеймс Камерон режиссерлік еткен бұл фильм үшін ресми дерек бойынша 237 000 000 АҚШ доллары жұмсалған. 12 жыл рейтингтен түспей келген "Титаник" фильмін басып озған. Фильмді түсірушілер бастапқыда 280-310 млн АҚШ доллар сатылым үшін, 150 млн жарнама үшін жұмсалады деп есептеген. Бірақ, сапалы спецэффект үшін жұмсалған қаржы оған қарағанда арзанға шыққан. Фильмнің 60 пайызы компьютерлік график арқылы жасалса, 40 пайызына актерлердің еңбегі сіңген. Фильмнің қорға түсірген қаржысы 2 787 695 087 АҚШ долларын құраған. Джеймс Камерон 2018 жылы фильмнің жалғасы жарық көретінін айтқан. Жалғасын түсіру үшін қанша қаржы жұмсалатынын екі жылдан кейін біле аламыз.

9-1. "Гарри Поттер және Дүбара ханзада"

"Гарри Поттер және Дүбара ханзада" (түпнұсқасы: "Harry Potter and the Half-Blood Prince", орысша: "Гарри Поттер и Принц-полукровка") фильмі 250 млн АҚШ долларын шығындаған. Бұл Гарри Поттердің өзге бөлімдерінен қымбатқа түскен. Себебі өзге фильмдер тек қорға 250 млн АҚШ долларын жинаған. "Гарри Поттер және философиялық тас" бөлімі ғана кино нарығына 934 416 487 АҚШ доллары шамасындай қаржы түсірген.

9-2. "Хоббит 3: 5 әскердің шайқасы"

"Хоббит 3: Бес әскердің шайқасы" (түпнұсқасы: "The Hobbit: The Battle of the Five Armies", орысша: "Хоббит 3Битва пяти воинств") фильмі де 250 млн АҚШ долларына шығындалған. Бірақ қорға 956 019 788 АҚШ долларын жинаған. Ескере кететін жайт, фильмнің үш бөлімі де бір кезеңде түсірілген. Соңғы бөлімге көп күш жұмсалған соң, үшінші "Хоббитке" осындай қаржы жұмсалған.

8. "Өрмекші адам-3"

"Өрмекші адам-3" (түпнұсқасы: "Spider-Man 3", орысша: "Человек-паук 3: Враг в отражении") фильмі "Кинг конг" және "Кариб теңізінің қарақшылары: Өлік сандығы" фильмдерінен де қымбатқа түскен: 258 млн қаржы жұмсалған. Фильмге тағылған "жасандылығы көп" деген сынға көрермендер мән бермеді де. Себебі фильм нарық шығынына қарағанда 4 есе табыс әкелген: 890 млн (нақтырақ: 890 871 626) АҚШ долларын құраған.

7. "Рапунцель"

Адамзат тарихындағы ең қымбат мультфильм деген атпен танылған "Рапунцель" (түпнұсқасы: "Tangled", орысша: "Рапунцель: Запутанная история") бұл жинақта жетінші орынға ие. «Өрмекші адамнан» екі-ақ миллион қымбат: 260 млн АҚШ доллары жұмсалған. Себебі мультфильмді түсірушілер ұзын әрі алтын түс шашты арудың бейнесімен тура алты жыл алысқан. Ағайынды Гриммдер жазған ертегінің картинаға айналуы Дисней жобасында сонау 1940 жылы жоспарланған екен. Содан бері мультфильм патшалығында қанша продюсер, режиссер ауысты?! Ертегінің сценарийін жазу қиынға соққан. Арудың шашы суда қалай бейнеленеді, ұзындығын қалай көрсетуге болады деген секілді сауалдардың жауабын көп іздеп, алты жыл дегенде жарық көрген. Мультфильм прокатта 592 миллион (591 794 936) АҚШ долларын жинаған.

6. "Джон Картер"

Ержүрек өзге ғаламшарлық туралы түсірілген бұл фильм үшін Дисней әлемі 263 млн АҚШ долларын жұмсаған. Бір қолдан шықса да, "Рапунцельден" 3 миллион АҚШ долларына артық қаржы жұмсаған фильм АҚШ-та бар болғаны 73 млн доллар жинай алған. Сөйтіп прокатта жолы болмады. Егер өзге елдер бұл фильмді жылы қабылдамағанда, "Джон Картерге" жұмсалған қаржы өтелмейтін де еді. Елімізде фильмнің бірінші көрсетілімінде-ақ 40 миллион теңге жиналған екен. Жалпы әлемнен бұл фильм үшін 284 139 106 АҚШ доллары жиналған.

Жалғасы бар...

Г. Берік