Қазақстандық продюсер Тәңірберген Хажиев өмірден өтті

Қазақстандық продюсер Тәңірберген Хажиев өмірден өтті
Фото: Қазақфильм

Қазақстандық продюсер Тәңірберген Хажиев өмірден өтті.

"Қазақстан кино өнері ауыр қазаға ұшырады. Белгілі кинопродюсер, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі, профессор Тәңірберген Ыбырайұлы Хажиев өмірден өтті", — делінген "Қазақфильм" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Институтты тәмамдағаннан кейін Хажиев "Қазақфильм" киностудиясына жұмысқа тұрып, кей жылдары кинокартина директорының орынбасары, картина директоры болды. Сонымен қатар, "Қазақфильм" киностудиясын басқарды. Ол 1997-2000 жылдары "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" деректі фильмдерінің директоры қызметін атқарды.

Хажиев 20-дан аса толық метражды көркем фильм шығаруға ат салысқан. Сонымен қатар, ол Қазақстан кино өндірісіне продюсерлік негізді енгізген бастамашылардың бірі болған. Хажиев "Аллажар", "Каждый взойдет на Голгофу", "Кунә", "Махамбет", "Әкем екеуміз", "Біржан сал", "Жерұйық", "Дәмелі" сынды фильмдердің продюсері болды.

Дереккөз:tengrinews

С. Ерсін