"Фреддидің 5 түні" ойынының негізінде фильм түсіріледі

"Фреддидің 5 түні" ойынының негізінде фильм түсіріледі

"Warner Bros." киностудиясы "Фреддидің 5 түні" ойынының негізінде фильм түсіру құқына ие болды, - деп хабарлайды The Hollywood Reporter басылымы.

Фильмнің түсіріліміне аталмыш студияның Vertigo Entertainment мен KatzSmith Productions атты продюсерлік топтары жетекшілік етеді.

Фильмнің түсірілім мезгілі әлі нақтыланбаған. Продюсерлер сценарий жазу үшін ойынның сюжетін дұрыс жеткізе алатын арнайы мамандар іздеуде.

"Five Nights at Freddy`s" сюжетте балалар мен ересектерді күлдіртіп, қызықтыратын болса, түнде аса қауіпті робот-аниматорларға айналатын "Freddy Fazbear`s Pizza" пиццериясына күзетші болып жұмысқа тұрған адам туралы баяндалады. Ойыншы 12 сағат ішінде (шын өмірде 10 минут) тірі қалуы керек. Оның құзырында ешқандай қару-жарақ жоқ, есесіне роботтардың жүрген жерін білетін және олардың алдынан есіктерді жабатын арнайы құрылғы ғана бар.

Бұл ойын қолданушылардың жоғары бағасына ие болды.

Сурет: game2day.org

Ұқсас жазба:

"Кунг-фу Панда" фильмінің 3-бөлімінен не күтеміз?

Ф. Абилова