"Кунг-фу Панда" фильмінің 3-бөлімінен не күтеміз?

"Кунг-фу Панда" фильмінің 3-бөлімінен не күтеміз?

"Жиырмасыншы ғасыр Фокс Снг" компаниясы "Кунг-фу Панда 3" анимациялық фильмінің синопсисімен таныстырды. Оны DreamWorks Animation SKG студиясы өңдеуде.

Ресми пресс-релиз бойынша жаңа фильмде көрінбей кеткен Поның әкесі қайтып келеді. По екеуі пандалардың құпия жұмағына жол тартып, көптеген жаңа кейіпкерлерге жолығады.

Бір кезде Кай атты жауыз Қытайдағы барлық кунг-фу ұстаздарының көзін құрта бастағанда, По ауыл тұрғындарына кунг-фуды үйретіп, жауынгер болуға дайындайды.

2014 жылдың соңында студия жетекшілігі мультфильмнің премьерасын 2015 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың наурыз айына ауыстырды. Бұл "Жұлдыздар шайқасы: 7-эпизод – Күштің оянуы" фильмінің прокатқа шығып, бәйсекелес болатынына байланысты болған өзгеріс деген болжам бар.

"Кунг-фу Панда 3" фильмі CMC, Shanghai Media Group и Shanghai Alliance атты компаниялармен бірігіп жасалуда.

2011 жылы шыққан фильмнің екінші бөлімі әлемдік прокатта 660 миллион доллардан аса қаржы жинаған еді. Сондықтан көпшілік көрермен үшінші бөлімнен жаңа идея мен сапалы анимация күтеді.

Сурет: souutu.com

Ф. Абилова