2012 жылы экранға шыққан үздік отандық фильмдер

2012 жылы экранға шыққан үздік отандық фильмдер

Құрметті оқырман, бүгін біз отандық киноларға шолу жасамақпыз. Біз 2012 жылы қандай кинофильмдерді тамашаладық? Олардың ішіндегі үздіктері қайсы? Кеттік, ендеше, бірге анықтайық!

Режиссер Абдолла Қарсақбаевтың ұлы Тоқтар Қарсақбаевтың «Қазақфильм» студиясының қолдауымен түсірген «Махаббат әткеншегі» кинофильмі қазіргі заман жастары туралы. 

Режиссер Ерлан Сағыновтың «Армандастар» («Ради будущего») фильмін «Қазақфильм» студиясымен біріге отырып өмірге әкелді. «Армандастар» - «Болашақ» стипендиясы жүлдегерлері туралы фильм. Басты кейіпкерлердің бейнесін Әділ Ахметов, Елдар Отарбаев, Айнара Ырысдәулетова, Марлен Жұмақов, Ғабит Мұстафа, Андрей Марычев сияқты актерлер сомдайды. Фильмнің тұсауы 15 мамырда алғаш Астана қаласында кесілді.

Режиссер Ахат Ибраевтың бұл фильмінің таныстырылымы 10 желтоқсанда «Арман» кинотеатрында өтті. «Аңыздар кітабы: Сырлы орман» - Фэнтези жанрындағы отандық тұңғыш фильм. 

 

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп түсірілген фильмнің режиссері Ермек Тұрсынов. Басты кейіпкерлердің рөлін актер Ерболат Тоғызақов пен Орынбек Молдахандар сомдайды. Фильм Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясы желісі бойынша түсірілген. "Шал" "Жыл фильмі" деген ат алды. 

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының туындысы қазақстандық прокатқа 22 қарашада шықты. Режиссер Әмір Қарақұловтың "Ғаламтордағы махаббат" фильмі прокаттағы алғашқы аптасында 20 миллион теңге жинады. Басты рөлдерді Бибігүл Ақтан және Артур Смольянинов сомдайды.

 

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен түсірілген тоқсан минуттық фильмнің режиссері - Дәрежан Өмірбаев. «Студент» фильмі  Канн кинофеститвалінде "Ерекше көзқарас" категориясына жатқызылды. 

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының кезекті туындысының премьерасы 29 тамыз күні Алматыда өттті. Лентада 13 жасар Қамбардың басынан кешкен оқиғалары бейнеленген. Басты рөлдерді Санұржан Сүлейменов, Жүрсін Ерман, Әуелхан Идришева, Иманғали Мазімбай, Әбдімансұр Серіковтер сомдайды. Қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың бұл фильмі Анапада XXI ашық халықаралық "Киношок" фестивалінде қазылар алқасының бірыңғай шешімімен "КиноМалыШок" конкурсының үздік лентасы деп танылды.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясымен бірлесіп түсірген фильмнің  режиссері Асқар-Мұхит-Нарымбетов. «Қара шаңырақ» ағайынды Нарымбетовтердің алғашқы төл туындысы.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясымен бірлесіп түсірген режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмі алғашқы көрсетілімнен-ақ, (3-6 мамыр аралығында) 1 миллион долларға жуық қаржы жинады. Картина, сонымен қатар, 17 мамыр күні Канн фестивалінде көпшілікке ұсынылып, көрермендердің ерекше ілтипатына ие болды. 

   

Бұл біз тамашалаған барлық туынды емес, әрине. Тек көзіқарақты көрерменнің үздіктер ішінен таңдағаны - осылар. 2012 жылы жарық көрген отандық кинофильмдердің саны аз емес. 2013 жылдан да сапасы мен саны жағынан қалыспайтын тамаша туындылар күтеміз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: kazakhfilmstudios.kz, about.kz

А. Әбілхан