"Аңшы бала" фильмі "Киношокта" үздік атанды

"Аңшы бала" фильмі "Киношокта" үздік атанды

Кеше Анапада XXI ашық халықаралық "Киношок" фестивалі аяқталды, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар.

Қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың "Аңшы бала" фильмі қазылар алқасының бірыңғай шешімімен "КиноМалыШок" конкурсының үздік лентасы деп танылды.

ва

"Аңшы бала" фильмінен көрініс

Фестивальдің бас жүлдесі - "Алтын сабақ" - өзбек режиссері Аюб Шахобиддиновтың "Көк аспан - менің мекенім" (Parizod) фильміне бұйырды. Толықметражды фильмдердің конкурсына ұзын саны 14 картина қатысты. Солардың ішінде қазақстандық Жанна Исабаеваның "Талғат" лентасы да бағын сынады.

ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің үздік режиссері болып грузин Заза Урушадзе танылды. Урушадзе киномандарға "Қамқоршы" фильмімен таныс. Александр Симонов "Мен де бұны қалаймын" лентасы үшін үздік оператор сыйлығымен марапатталды. Үздік актерлардың тізімін Сергей Лозницаның "Тұманда" фильмінде ел аралаушыны сомдаған Владимир Свирский толықтырды.

Сонымен қатар, украиндық режиссер Михаил Ильенконың "От кешіп өткендер" әскери аңызы мен қырғыз Эркин Салиевтың "Назик ханшайым" картинасы арнайы дипломмен марапатталды.

"Границы шока" қысқаметражды фильмдер сайысының бас жүлдесі Чернобыль өмірі бейнеленген "Ядролық қалдықтар" лентасына бұйырды. Туынды авторы Украина режиссері Мирослав Слабошпицкий. Бағдарламаға барлығы 23 картина қатысты. Қазақстандық режиссер Алмагүл Меңлібаеваның "Трансмұхиттық ұйықысы" да осы конкурста бағын сынаған болатын.

Үздік телефильмдер ретінде ("ТВ-Шок" бағдарламасы) ресейлік "Сақиналарыңды ауыстыңыздар" лентасы (режиссері Юлия Краснова), Андрей Красавинаның "Петровичі" мен Дмитрий Тюриннің "Құдайдың өз жоспары бар" фильмі айтылды.

Omnibus киноальманахтар конкурсында "Астра, мен сені сүйемін" жобасы (қысқа 9 новелла) жеңіске жетті. Жоба демеушісі Opel Astra автомобиль маркасы. Айта кетелік, аталған конкурста Егор Кончаловскийдің жетекшілігіндегі бір топ қазақстандық кинематографистердің "Жүрегім менің, Астана" картинасы да бағын сынады.

"Аңшы бала" фильмінің ресми трейлері

ТМД, Латвия, Литва, Эстония елдерінің басын қосқан XXI "Киношок-2012" Ашық фестивалі Анапада 15-23 қыркүйек аралығында өтті.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: novoteka.ru, Қазақфильм