Бізбен бірге шаңғы тепкіңіз келе ме?

Бізбен бірге шаңғы тепкіңіз келе ме?

Қыстың суығы табиғатпен қоса тіршілік иелерін де теңселтіп жатыр. Аяз қатырып кеткен жолдардан тайғанақтап, екі аяғымызды әрең алып жүрміз. Ал кәсіби француз шаңғышысы Кандид Товекс шаңғысымен қарлы қыраттардан, шыршалы ормандардан, қарға оранған таулардан еш сескенбей, төмен қарай құзғынша құлдилайды. Сөзімізге мына видео тұздық бола алады. Шаңғышының өнерін YouTube-тан тамашалаған жанкүйерлерінде сан жоқ. Бұл видео бес күннің ішінде 7 миллион көрілім жинаған. Ал сіз осы видеоны көріп отырып, «Осы демалыста шаңғы тебу керек еді!» дейтініңіз анық. Демалысқа дейін күткіңіз келмесе, онда кеттік, шаңғымен қардың шаңын бірге шығарайық.

Оқи отырыңыз:

1. Ұрыға көмек көрсеткен полиция қызметкері

2. Брендон Гримшоу – бүгінгінің Робинзоны

3. Бұл қызық: Құс та болғым келмейді... (Видео)

4.  "Мауглидің туысқандары" немесе жануарлар тәрбиелеген балалар

Сурет: hqwallpapers.ru

Е. Жұмабайұлы