- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҰБТ. Оқу орнын...
ҰБТ. Оқу орнын таңдаудан шатаспаңыз
Әрбір оқушы мектеп қабырғасында ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетіп, ЖОО-ға түсуді мақсат тұтады. Бұл көбісінің қолынан келіп жатады. Мақсатыңызға жеткен кезде, мамандықты қате таңдағаныңызды білсеңіз ше? Алғашқы курста мұндай метаморфозды (грек. metamorphosis - өзгеру, айналу) сезінген студент бірнәрсені өзгертуге талпынады. Ал үшінші, төртінші курста оқитындардың жағдайы қиын. Алда өзі ұнатпайтын жұмыс күтіп тұрады. ЖОО таңдауда қателеспеу үшін не істеу керек? Кезекті материалымызда оқушының санасына күдік ұялататын түрлі мәселені талдайтын боламыз.
Бірінші мәселе: ата-аналар тарапынан көрсетілетін қысым
Оқушы мұндай қателікке ата-анасының пікіріне құлақ асқан кезде ұрынады. Әрине, ата-анамыз бізге тек жақсылық тілейді. Әсіресе, мәселе отбасылық құндылықтарға қатысты болған кезде. Мысалы, дәрігерлер отбасында балаларының да осы салаға барғанын қалайды. Себебі осылайша балаларына жұмыс тауып беру оңай деп ойлайды. Пайдалы тұстары өте көп. Сондай еліктіреді! Өкінішке орай, бала мен ата-ананың сөзі бір жерден шыға бермейді. Олардың қалауы түрліше болуы мүмкін. Мұндай жағдайда барлығын реалистік тұрғыдан талдаған жөн. Яғни таңдаған мамандығымыз көп ақша беріп қана қоймай, өзімізді де қанағаттандырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Екінші мәселе: Қазақстандағы беделді оқу орнын таңдау
Екінші қателік – қалаған мамандығыңыз жоқ болса да, беделді оқу орнын таңдау. Әрине, мұндай оқу орындарында білім сапасы әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Бірақ қаламаған мамандығыңызда оқу бағдарламашыны балет биіне үйретумен бірдей.
Үшінші мәселе: рейтінгісі төмен ЖОО-ны таңдау
Әдетте мұндай ЖОО-ға ҰБТ-дан төмен балл алған талапкерлер түседі. Мұнымен қатар, бұл ЖОО-ларды бағасының төмен болғаны үшін таңдайды. Артынша оны тәмамдаған соң, өзі қалаған мамандыққа түседі. Әрине, мүлдем оқымағанға қарағанда, ұнамайтын ЖОО-да оқи берудің де пайдасы бар. Көп адам үшін бұл арман емес, жәй ғана қиын мәселенің шешімін табу болып табылады. Арманыңыздан бас тартқыңыз келмесе, ҰБТ-ға бар мүмкіндікті пайдаланып дайындалыңыз.
ЖОО-ны таңдау мәселесі болашақта қандай мамандық таңдайтыныңызға тікелей байланысты. Осылайша, дұрыс шешім қыбылдап, рухани қанағаттанғаныңызды сезінесіз.
Құрметті оқырман, іске сәт! ҰБТ-да 125 балл тілейміз!
Ұқсас жазбалар:
ҰБТ-ны өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Қ. Бүйенбай