ҰБТ-ны өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

ҰБТ-ны өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Фото: kerek-info.kz

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асылан Сәрінжіпов мәлімдеді.   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №229 бұйрығы

Ұлттық бірыңғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында бұйырамын:

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 7367 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында: 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «48. Аттестатты ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдары береді. Аттестатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша МК шешіміне сәйкес жылдық баға есептелген орташа арифметикалық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтеру жағына жасалады».

2.  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қ. Бүйенбай