- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- "ҰБТ-ға кірерде валерьянка...
"ҰБТ-ға кірерде валерьянка ішкен дұрыс па?"
Келе жатқан көктеммен көңіліміз жадырап, романтиканың құшағында жүргендей әсерге бөленеміз. Ал оқушылар мен студенттер бұл уақытта тәуліктің көп уақытын дайындыққа арнайды. Кино кейіпкері секілді «Экзамен – біз үшін мереке» деп барлығы айта бермейді. Мұның себебі де бар.
ҰБТ кезінде қалай жинақталамыз? Ол жүйке жүйесі мен ағзаға қалай әсер етеді? Барлығын жас ағза өзі реттей ме, әлде дәрі-дәрмек ішкеніміз жөн бе? Осы секілді сұрақтарға психолог мамандар мен дәрігерлер жауап берді.
Қысқа уақыт ішінде көп ақпаратты қалай игеруге болады?
Әркім қоршаған орта құбылыстарын түрліше қабылдайды. Сол себепті, біреу есте сақтау үшін көзбен көруді, енді бірі естуді жөн көреді. Ал біреулер үшін ойша елестетудің өзі жеткілікті.
Ақпаратты көзбен көру арқылы есте сақтайтын адамдар аяғын жерге бір тигізіп, бір көтеріп отырып жаттағандары дұрыс. Бірақ, кез келген жағдайда материалды қайталап отыру керек. Біздің миымыз күрделі жүйе десек те болады. Мұнымен қатар, материалды жаттау уақыты да бірдей болуы керек.
ҰБТ алдында валерьянка ішкен дұрыс па? Неге?
ҰБТ кезінде адам барынша жинақталып, назарын тест кітапшасына ғана бағыттауы керек. Ал валерьянка ағзаға өзгеше әсер береді. Осы секілді кез келген тынышталдыратын дәрі кері әсерін тигізеді.
ҰБТ-дан қорықсаңыз, бар ойыңызды соған бағыттауыңыз керек. Қалай? Ең алдымен, "ҰБТ" сөзін естіген кездегі қорқыныштан арылыңыз. Бұл үшін оны санаңызға жақсылап сіңдіруіңіз керек. Мысалы, сабақта ұстаздың сұрағына жауап бердім – кішігірім экзамен тапсырдым, ата-анаммен арадағы кикілжіңді реттедім – тағы бір мәрте экзамен тапсырдым.
Екіншіден, ҰБТ-дан не себепті қорқатыныңызды анықтаңыз. Егер бар себеп дайындығыңыздың нашар екенінде болса, шығар жол біреу ғана. Ол – сабақ оқу, ҰБТ-ға сақадай сай болып дайындалу. Ал ҰБТ тапсырып отырған кезде материалдарды ұмытып қалуым мүмкін десеңіз, мұны да өткеріңіз.
Көп жылдан бері экстримді жақсы көретін адамдар бойтұмар көмегіне жүгінеді. Осы сияқты көп оқушы мен студенттер өзіне бойтұмар ойлап табады. Мысалы, оқушы бақылау жұмысын немесе диктант жазар кезде бір ғана қалайды пайдалануы мүмкін. Енді бірі әркез бірдей киім киіп барады. Бойтұмар ойлап табу – өзімізге деген сенімсіздік емес, керісінше психологиялық көмек. Бойтұмарды дұрыс таңдау арқылы бойымыздағы өзімізге деген сенімділікті арттырып, жылдам жинақталып аламыз.
Жалғасы бар...
Оқи отырыңыз:
Сыныптастарыңызбен неге сыйыңыз жараспайды?
Алматыдағы ең үздік мектеп қайсысы екенін білесіз бе?
Мектепте жақсы оқу үшін не істеу керек?
Үй тапсырмасын орындауға үлгермей жүрсіз бе?
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай