Алматыдағы ең үздік мектеп қайсысы екенін білесіз бе?

Алматыдағы ең үздік мектеп қайсысы екенін білесіз бе?

Ең алдымен, талапқа сай мектептің қандай болатындығын анықтап алайық:

1. Сапалы білім мен мықты мамандардың болуы.

2. Оқушыларына қамқорлық танытып, толыққанды білім бере алатын, кез келген уақытта оқушыларды тәртіпке салатын ұстаздың болуы.

3. Қауіпсіздік. Бұл күзет мәселесіне қатысты айтылып тұр. Өйткені біз оларға балаларымызды тапсырамыз. Сырттан төнетін қауіппен қатар мектеп ішінде оқушылар өзара төбелесуі мүмкін. Осындай сәттерде күзет қаншалықты жылдам әрекет ете алады.

4. Математика мен ағылшын тілі пәндері өте жоғары сапада болуы тиіс.

5. Орналасуы. Әрине, тұратын мекен жайымызға жақын орналасқаны дұрыс.

6. Бағасы. Қазақстандықтардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Бірақ білім мәселесіне келгенде ақшаны аямауға кеңес береміз.

Әдетте, баламызды үйіміздің жанында орналасқан мектепке беретініміз құпия емес. Десе де алдын ала мұғалімдермен танысып, мектептің ішін көріп, асхана, кітапхана, спорт залы сынды бөлмелерді аралаудың маңызы зор. Себебі балаңыңыз 11 жыл өмірін осы қабырғаларда өткізеді. Және балаңызды өзіңізбен бірге ерте баруды ұмытпаңыз. Дәл осы талаптарды орындап, баласын білімі сапалы мектепке беру мақсатында Константин Горожанкин есімді азамат ізденген екен. Ізденісі қандай нәтиже бергенін бірге оқиық.

Осы себептердің барлығын жете ескерген ата-ана баласы үшін жақсы мектеп іздеп, нәтижесінде №90 физика-математика лицейін үздік деп тапқан екен.

1. Мектеп соңғы 10 жылдың ішінде ҰБТ нәтижесі бойынша, қатарынан 9 рет ең жоғары көрсеткішке ие болған. Мысалы, 2012 жылы Қазақстан бойынша орташа балл 86,7 балл болған кезде, №90 лицейде орташа балл 116,6 баллды құраған. Ал қатардағы оқушылардың бірі Кирилл Ким 125 балл жинаған.

2. Мұнда 1 сынып оқушысы математика пәнін өзге мектептердің 4 сынып оқушыларының дәрежесінде меңгереді.

3. Мұнымен қатар физика, биология сынды пәндерді тереңдетіп оқытады. 2012 жылы аталған мектептің түлектері толықтай дерлік 25 сұраққа жауап берген. Өздеріңіз түсінгендей, балаңыз республикалық деңгейдегі жарыстарға қатыса алады.

4. Мектептің ішінде, сыртында камера және күзет бар. Тіпті, ата-аналарды да мектепке кіргізбейді. Сыртқы есіктің алдында балаларын ұстаздың қолына тапсырады. Түскі асқа ыстық тамақ беріледі.

5. Сынып жетекшісі қызық әдіспен таңдалады. Оны жеребе салудың көмегімен анықтайды.

6. Бағасына келер болсақ, мектеп ақылы емес. Сенбейтін шығарсыз, бірақ, расымен де, солай.

7. Көп нәрсе директорға байланысты. Алғашында қатал мінезді мектеп директорымен тіл табысу қиынға соғады, алайда уақыт өте келе мұнша тәртіп пен қаталдықтың не себепті керектігін оңай түсінуге болады. Әсіресе, біздің уақытта. Мектеп формысын барлығы міндетті түрде киеді, қыз балаларға боянуға, биік өкше аяқ киім киюге тыйым салынады.

8. ҰБТ-да не себепті жоғары балл жинайды? Тәжірибесі мол мамандарды конкурстың көмегімен, елдің түкпір-түкпірінен алдырады. Жемқорлыққа жол берілмейді. Ал 4 сынып оқушылары жоғары сыныпқа өту үшін ҰБТ секілді тест тапсырады. Бұл тестіге алдын ала дайындайды.

9. Орналасуы. Мектеп Желтоқсан мен Чайковский көшелерінің аралығында орналасқан. Маметова көшесі арқылы кіруге болады.

Ал Сіздің балаңыз оқитын мектептің сапасы қандай? Және еліміздегі ең үздік мектептер қатарын толықтыруға лайық мектептерді атап көріңіз. 

Сурет: voxpopuli.ru (өңделген)

Қ. Бүйенбай