Жігітті тартымды ететін басты қасиеттері

Жігітті тартымды ететін басты қасиеттері

Бұл өмірді мәнді ететін де, ұрпақ жалғастыруға сеп болатын да – махаббат. Сондықтан қыздар жігітке ұнауы үшін, жігіттер қыздың көңілін табу үшін барын салатынын жасырудың қажеті шамалы. Осы орайда жігіттер қыздың көңілінен шығу үшін қандай болуы керек деген сауалға жауап іздейді. Біз ұсынар қасиеттерді тері етіп жамылып алмай, шынайы болмысыңызға сіңіріп алсаңыз, жүрекке жетер жолда жаңылмассыз.

Зияткерлік (интеллект). Әр қыз арқа сүйер азаматының өзінен ақылды, өзіне қарағанда әлдеқайда білімді болғанын қалайды. Ол сіздің қойған сұрақтарыңыздан, айтқан сөздеріңізден бірден байқалып отырады. Өмірге деген көзқарасыңыз ерекше, сөздеріңіз бөлекше, ойларыңыз айрықша болса, нәзік жандының қызығушылығын арттыра түсесіз. Оның барлық сұрағына қанағаттанарлық жауап тауып отырсаңыз, әлемде сізден артық кемеңгер жан жоқтай көрінуі мүмкін. Ол үшін үздіксіз кітап оқу қажет.

Өнер. Көпшілік жиналған орындарда ән салып, домбыра тартып, шешен сөйлеп, билеп, өнеріңізді ортаға салсаңыз, біраз ару сізге ерекше ықылас қояды. Қол жетпестей көрінген қыздарына бір серенада айтумен жүрегін жібіткен ағаларымыздың оқиғасын оқтын-оқтын естіп жүруіміз осының дәлелі.

Өзін өзі ұстауы (манера). Кез келген ортада өзін алып жүре білу, өзіне ұқыппен қарау – өнер. Адамның киім киісінде, жүріс-тұрысында, сөйлеу әдебінде бір мін болмауы да алғаш көрген көзге бірден байқалады. Әр істің орнын, әр сөздің жүйесін білетін жан қашанда құрметке лайық.

Күлдіре білу. Босқа қылжақтамай, сөз арасында әзіл-қалжың араластырып отыратын ерлер де назардан тыс қалмайды. Аруын әрдайым күлдіріп, кез келген жағдайда көңілін көтеріп, жүзіндегі мұңды екі-ақ секундта жоятын жігіттер кім-кімге де керек-ақ.

Тәуекелшіл. Ешқандай "бірақ-міраққа" бас қатырмай, тез шешім қабылдайтын азаматтар бір қарағанда қызықты көрінеді. Әсіресе, "құрық тиіп көрмеген асау" қыздар өзін жүгендейтін, яғни бағындыра білетін сыңары болғанын қалайды.

Әр арудың талғамы әртүрлі. Аталған қасиеттер алғаш көргенде ғана назар аудартады. Бір қасиетіңіз оның талғамына сәйкес болса, басқа қағидаларын ұмытып та кетуі мүмкін.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды