Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қызды "қаратудың" 3 әдісі

Қызды "қаратудың" 3 әдісі

Қызды

Бұл жазбамызды Массагет ауылына түсіп жатқан келіннің құрметіне жариялап отырмыз. Бұл жолы жігіттерге арнап аяулы аруларды "қаратудың" 3 әдісі туралы әңгімелеп көрмекпіз.

Қызға ыңғай білдірместен бұрын оны зерттеп алу керек деп ойлаймыз. Арудың психологиясын, таным түсінігін ұққаннан соң жоспар құрып, іске кіріскен жөн болады. Олай болса, қазақ қыздарының ойлау жүйесін саралай отырып жасаған кішкене зерттеуімізді қабыл алыңыздар. 

Бірінші әдіс - "Қос көгершін" әдісі. Бұл әдістің принципі қызға барынша жақсы сөздер мен ықыласыңызды танытуға келіп тіреледі. Яғни, реті келген тұста ер-жігіт мақтау айтып, қыздың керемет екендігін есіне салудан тайсалмауы тиіс. Көпшілік жерде бір жүргенде міндетті түрде қасынан табылып, бар құрмет пен қошеметін көрсетуі керек. Осылайша, әрдайым қыздың қасынан табылып, жылы сөздерді аямай, бар еркеліктерін орындау арқылы қыздардың бір тобының көңілінен шығуыңыз мүмкін.

Екінші әдіс - "Қашқын". Көңіліңіз ауған қызға бірнеше күн бойы хабарласып, көңіліңіздің бар екендігін еппен білдіріңіз. Киноға, кафеге, паркке шақырып, барынша көңілін аулауға тырысыңыз. Осылайша, қыздың көңілі бері қарады-ау дегенде 2-3 күн хабарласпай, ұшты-күйлі жоқ болып кету керек. Сізге бауыр басып қалған қыз, әлбетте, жан-жүрегімен сізді іздейтін болады. Күтетін болады. Бірнеше күн өткен соң телефон шалып, халін сұрағаныңызда, ол ару ескі досын кездестіргендей қуанатыны анық.

Үшінші әдіс - "Тасадан келу". Кейде ұнатқан қызыңыз тым тәкаппарлық танытып, сізді елмеуі мүмкін. Бұндай жағдайда осы үшінші әдіске жүгінген дұрыс деп ойлаймыз. Қыздың жақын достарымен жақсы араласып, өзіңізді жақсы жағынан барынша көрсетуге тырысыңыз. Ару сіздің керемет адам екендігіңізге көзі жетіп, білген соң, өзі сізге қадам жасап, ыңғай білдіре бастайды. Тек сол сәтті қал жіберіп ала көрмеңіз. 

Арудың табиғатын зерттей келе, осы әдістердің біріне тоқталып, бағыңызды сынап көруге кеңес береміз.

Әр массагеттікке, әлемдегі әр адамға мөлдір махаббат тілейміз!

сурет: lillyandthebrothers.blogspot.com

55973 16
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 30 сәуір 2012, 20:16
Пікірлер
+0
30 сәуір 2012, 22:26

:D Қашқын әдістеріңіз жаман екен!

+0
30 сәуір 2012, 22:37

Алекс Хитченс детектед! ))

+0
30 сәуір 2012, 23:13

Білеміз бұларды да десең ә :D Мынау соңғы сөйлем ұнап қалды."Әр массагеттікке, әлемдегі әр адамға мөлдір махаббат тілейміз!" Мен де соны тілеймін! ;)

+0
30 сәуір 2012, 23:42

әдіс мәдісін білмеймін. жігіттердің сезімі шынайы болсын. сонда бәрі ок!

+0
30 сәуір 2012, 23:58

Бұл әдістер жарамай қалса....... Ең дұрысы шынайы болса болды да.

+0
01 мамыр 2012, 09:30

Бәрінен бұрын маған мына суреті ұнап тұр))) :D

+0
01 мамыр 2012, 15:41

Құрметті Массагеттіктер! Меніңше жарияланып жатқан кей жазбаларды жыныс-жынысқа бөліп қою керек сияқты?... Мысалы мына жазба ер-азаматтарға арналған, ал жоғарыда қыздар оның сырын ұғып алды) Сондықтан "осындай" жазбаларға кіргенде "Кешіріңіз, бұл жазба ер-азаматтарға (қыз-балаларға) арналған арнайы жазба" деп шығып тұрса :)

+0
02 мамыр 2012, 19:05

мында қыздар бұл әдіскеде сынбайтын сияқты болып уәж айтыпты гой, өзімнің өмірде қолданған әдістерімді інілеріме жазып қоймасам

+0
04 мамыр 2012, 22:50

еееееееееее солай деңдер

+0
06 мамыр 2012, 13:48

негизи жаксы әдіс ))) ;)

+0
07 мамыр 2012, 01:09

4-адис машинаннын килтин корсету хехе))))))))))))

+0
12 мамыр 2012, 20:22

оған Ақша қайда )) :D :D :D қашқан әдісіне

+0
14 мамыр 2012, 19:28

1 мен 2-әдіс маған келеді екен)))) қазір оны іздеймін(

+0
11 маусым 2012, 03:15

керемет адистер бар шыгар деп ашып калсам...

+1
30 қыркүйек 2016, 03:17

Бағалай бiлсен бағың ашылад

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...