Мына аяқ киім не үшін ұзын?

Мына аяқ киім не үшін ұзын?
Фото: bigpicture.ru

Әдетте аяқ киімді "ыңғайлылық үшін, жарасымды болуы үшін" деген оймен таңдаймыз. Бір қызығы лондондықтар бұл критерийлердің жанына "жай жүру үшін" деген талапты қосыпты. 

Полина Ленуар  Лондондағы Қасиетті Мартин атындағы орталық өнер және дизайн колледжінің түлегі. Ол өзінің тың дипломдық жұмысымен өзге түлектерден ерекшеленеді. Себебі ол дипломдық жұмысы үшін басы үшкір әрі ұзын аяқ киімнің үлгісін жасаған.

Полинаның бұндай қызықты туынды жасауына себеп болған — алып шаһардағы асығыстықты тоқтату. "Қазіргі уақытта сәулет өнерінде болсын, сән әлемінде болсын бірізділік немесе бірқалыптылық сақталып қалған. Осы қағидаға өзгеріс тудыру керек болды. Оған қоса, адамдар өзінің жүріс-тұрысына қарауды шетке ығыстырған секілді. Себебі, бәрі бір нәрсеге үлгере алмай жүргендей асығады. Яғни, өздерінің шапшаң жүретіндерін ескермейді. Ал бұл сырт көзге оғаш көрінеді. Сондықтан, жай адымдап, ақырын жүру үшін осындай үлгідегі аяқ киім жасауды ұйғардым", —  дейді Ленуар аяқ киім жасаудағы мақсатын түсіндіріп.

Мына аяқ киімді тазалау да оңайға соқпас?!

Е. Жұмабайұлы