Ашық түсті аяқ киімдерді тазалаудың ең оңай жолы

Ашық түсті аяқ киімдерді тазалаудың ең оңай жолы

Көктем келді. Аязы ашулы қыс кетіп, дала қалың қар құрсауынан босады. Қыспен бірге қалың күрте, қыстық аяқ киімдерімізбен де қош айтыстық. Шкафтағы ашық түсті аяқ киімдерімізді (кроссовка, кеды) қуана-қуана шығардық. Бұл аяқ киімдердің бір "жақсы жері" тез былғанады және тазалағанда көп уақытымызды алады.

"Қыстың қамын жазда ойла" демекші, біз осы мәселені оңтайлы шешудің жолдарын қарастырып, сіздерге ең қарапайым әрі арзан тәсілді ұсынбақпыз.

Бұдан былай аяқ киіміңіз әрдайым таза жүреді, ал қалпына келтіру сізге анау айтқандай қиындық туғызбайтын болады. Ол үшін сізге:

♦ Тіс пастасы

♦ Ескі (жарамсыз) тіс щеткасы

♦ Ысқыш (Губка)

♦ Су керек. 

Бірінші ысқышты сулап, кірленген жерлерді сүртіп шығамыз. Сосын, тіс щеткасына пастаны жағып, сонымен жақсылап ысқылап, тазалаймыз. Содан кейін, жаңағы сулы ысқышпен немесе шүберекпен тазартамыз. Нәтижесінде, аяқ киіміңіз таза әрі жаңа күйге енеді. Мұндай қарапайым тәсіл кімге де болса қиынға соқпасы белгілі. Себебі, тіс пастасы мен жарамсыз тіс щеткасы әр үйден табылары анық.

Сіздерге түсінікті болу үшін мына бейнебаянды да жарялауды жөн көрдік. Тамашалаңыздар!

Сурет: images.drez.ru

Е. Жұмабайұлы