Джинсыды қалай таңдаймыз?

Джинсыды қалай таңдаймыз?

Тарихы сонау XVI ғасырдан бастау алатын джинсы ешқашан сәннен кеткен емес. Осы күнге дейін әлемде оның 2.500.000.000 таралыммен шыққанын алдыңғы жазбаларымыздан білетін боларсыздар. Және джинсы шалбарын таңдаудың машақатынан хабардарсыздар деп ойлаймыз. Сол себепті, сіздерге джинсыдың негізгі бес түрлі үлгісін ұсынғалы отырмыз. Төмендегі кеңестерге сүйенсеңіз, болашақта осы киім үлгісін таңдауда еш қиналмайсыз.  Олай болса,  бірге таңдау жасайық, сізге лайықтысы қайсысы? 

1. Regulap fit. Тік, тарылмаған джинсы үлгісі

Джинсыдың бұл түрі барлығына жарасады. Ол көптеген брендтен соны үлгісімен ерекшеленеді. Өзіңізге лайығын дүкендерден ерінбей араласаңыз, табу қиынға соқпайды. (Daniel Нechter, 18crr81 Сerruti)

2. Boot cut. Тік, балақ жағы сәл кеңейтілген джинсы үлгісі

Сырттай қарасаңыз, ковбойлардың шалбарына қатты ұқсайды. Бұл үлгі 70-жылдардың винтаж әлемін қызықтайтындар үшін және биік қонышты аяқ киімдерді құп көретіндерге таптырмас үлгі. (Guess, Uniqlo)

3. Loose fit. Бос әрі кең джинсы үлгісі

Кигенде, белден төмен тұрады. Балағының тік және кең түрі де бар. Барлық ер адамға үйлеседі. Дегенмен, денелі азаматтар үшін таптырмас үлгі. (Asos, Рepe Jeans)

 4. Slim fit. Тарылған джинсы үлгісі

Джинсыдың бұл түрінің артықшылығы дене бітімнің кемшін тұстарын (артық салмақ, аяқтың қысқалығы) білдіртпейді. (Dirk Bikkembergs, Lee)

5. Skinny. Денеге толығымен жабысып тұратын джинсы үлгісі

Бұл үлгі көбінесе, ұзын бойлы жігіттерге үйлеседі. Кроссовкімен де, свитшотпен де, тіпті, пенжакпен және классикалық аяқ киімдермен үйлесім табады. (Springfield, Strellson)

Біздікі тек ұсыныс білдіру, ал таңдау әрқашан өзіңізде...

Оқи отырыңыз:

1. Джинсы туралы қызықты деректер

2. Иіссуды дұрыс қолданудың сегіз тәсілі

3. Екі минутта галстук байлау тәсілі (Видео)

4. Сізге қажетті белдіктің бес түрі

 Сурет: zvezdastok.ru, mhealth.ru

Е. Жұмабайұлы