Екі минутта галстук байлау тәсілі (Видео)

Екі минутта галстук байлау тәсілі (Видео)

Галстук түюдің бірнеше түрі бар. Дегенмен, кейде жұмысқа не сабаққа асыққанда, галстук байлау көп уақытымызды алады. Кезекті жиналыс не отырыста жаман оқушыдай кешігіп келіп, есікте қызарып тұрмас үшін сіздерге бір тәсілді ұсынамыз. Мына видеодан галсукты тез байлау әдісін көре аласыздар. Видеоны көріп отырып, галстукты алып, қолыңызды үйретуіңізге болады. Галстукты мойныңызға емес, үстел үстіне қойып байлаған абзалырақ. Алғашында, бұл тәсіл күрделі боп көрінуі мүмкін. Әйтсе де, үйреніп алсаңыз, бағалы уақытыңызды үнемдей аласыз.

Оқи отырыңыз: 

1. Арнайы кештерге арналған киім

2. Ерлер костюмін қалай таңдаған дұрыс?

3. Пенжак шынтағындағы жамаудың тарихы

4. Ерлердің шұлығы жайлы бірер сөз

Сурет: wikibrand.ru

Е. Жұмабайұлы