Қыран болып өмір сүріңіз

Қыран болып өмір сүріңіз
Фото: www.nastol.com.ua

Өмір сүру – парыз. Әркімнің жеке өмір сүру қағидасы мен жолы бар. Ол – тағдыр. Адам баласы дүниеге келген соң өзіне берілген ғұмырын жасап біткенге дейін жақсы амал жасап, ел мақтаған, жұрт жақсы көрген азамат болуы керек. Әрине жұрттың бәріне жаға бермессіз, бастысы жақсы болыңыз. Еңбекқорлық пен азаматтық ұстанымды қатар алған ердің жүгі жеңіл болмақ. Ол қалай?

Қырандарша өмір сүріңіз!

Биік жартастың шыңында өмір сүретін, көктен ғана жерге көз салып, жемтігін тұяғымен қапсыра қысып аулайтын қырандар жер бетіндегі ең қасиетті құстардың бірі. Олар қырық жасқа келген кезде кәрілік жеңіп, тырнақтары сояудай болып өсіп, жемтігін ұстауға жарамсыз болып қалады. Қанаты мен кеудесі салмақ алып, ауырлап көкте самғауына кедергі жасайды. Осы кезде қыранның алдында екі таңдау болды: не өлім, не жүз елу күнге созылатын қасіретті қиындық. Қырандар ешқашан өлімді таңдаған емес, олар жүз елу күндік қасіретке толы, қиындыққа толы күнді таңдаған. Өзінің шыңдағы ұясына ұшып барып, сонда ем жасайды. Жартасқа тұяғын үйкелеп-үйкелеп тұяқ түсіп қалғанша, қанағанша шыдайды. Кейін жаңа жас тұяқтың өсуін күтеді. Жаңа тұяқ өскен кезде қыран ауыр тартқан кеудесі мен қанатын қомдап, көкке самғайды.

Бес айға созылған осындай қиын сәттерден кейін қыран тағы да отыз жыл өмір сүре алады.

Иә, адам баласына әсіресе ерлерге қырандарша өмір сүру керек. Қиындық туса қашып, ауыр болса жеңіліп, еңбек болса ерінуден аулақ болу керек. Басы қатты болған істің аяғы тәтті болады.

Іске сәт, азамат!

М. Ақан