Күйзелістің 5 белгісі

Күйзелістің 5 белгісі
Фото: YouTube.com

«Күйзеліске түстім», «депрессияға ұшырадым» деген сөздерді жиі айтамыз. Іштегіні шығарып жақсылап жылап алу мен жақын адаммен сөйлесу бізді күйзелістен шығарып жатады. Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы күйзеліс жүрек ауруынан кейінгі ең көп таралған дерт болмақ.

Күйзеліске түскенімізді қалай білеміз? «Бір белгі ғана күйзеліске түскеніңізді білдірмейді. Бірнеше белгінің бір уақытта бірігуі күйзеліске алып келеді», - дейді профессор Холли Шварц.

1. Ұйқының бұзылуы. Егер сіздің ұйқыңыз қанбаса, бұл – жүйке жүйесінің ақауынан болады. Депрессияға шалдыққан науқас ұйықтау арқылы өз күшін толық қалпына келтіре алмайды.

2. Мазасыздық. Егер адам бір нәрсеге нақты көңіл бөле алмаса, мазасызданса, ұмытшақ болса, шешім қабылдай алмай қалса, бұл да депрессияның белгісі болмақ.

3. Салмақтың өзгеруі. Шектен тыс тамақ жеп кетсеңіз немесе тәбетіңіз жоғалса, дәрігерге қаралыңыз. Депрессия рахат алу мен тәбетті бақылау қызметіне кері әсерін тигізеді.

4. Эмоцияның жоғалуы. Бұрын жарқырап, жайнап жүрген адам қабағы түсіп, жұрттан бөлектенуді қаласа, ол адам депрессияға түскен болуы мүмкін.

5. Денсаулығының нашарлауы. Адамның денсаулығы өздігінен нашарлап кетпейді. Егер адам депрессияға түсіп қалса, оның не басы, не аяғы, не қолы, т.б. ауырады. Егер сіз бойыңыздан осы себептердің біреуін көрсеңіз, уақыт оздырмай, дәрігерге қаралыңыз. Күйзеліс ойнайтын нәрсе емес. 

М. Оңғарова