Жігіттің екі түрі бар: таңдау сізден

Жігіттің екі түрі бар: таңдау сізден
Фото: amur.kz

Қыз бала үшін жар таңдау, сүйгенін кездестіру өмірдегі басты қағидалардың бірі. Бұл – табиғи заңдылық. Сіз оған көнсеңіз де, көнбесеңіз де сіздің болашақ жарыңыз болуы, сіздің ұрпақ жалғастыруыңыз – басты міндеттеріңізді бірі. Дегенмен қазіргі қыздар арасында: «Жігіт жоқ!» немесе «жақсы жігіт қалмады!» дейтін пікір көп. Мәселе жігіттің қандайлығында емес, ең бастысы сіздің көкірек көзіңіздің көру қуаты мен таңдауыңыздың дұрыстығында.

Біле жүріңіз, жігіттің екі түрі бар. Таңдау сізден.

Ақша бар, ақыл жоқ.

Әкесі баласы үшін барлығын жасауға дайын. Сол секілді әкелері байлыққа ерте қол жеткізген жігіттер қауымы бар. Олардың туғаннан бастап өмірі алаңсыз өтеді. Олар не жеймін, не ішемін демейді. Қалтасындағы бары мен әкесі берген байлыққа мастанып өмір сүреді. Сіз оған аяқ асты ғашық болып қалғаннан не оның байлығына қызығып тұрмысқа шығасыз. Бірақ ескере жүріңіз, байлық – қолдың кірі. Бір күн бар, бір күн жоқ. Біреу берген ақша бітеді. Ал оны қайта табу үшін келген ақшаның түбін білу керек. Оны білу үшін жігіттің өзі саналы әрі ақылды болу керек. Ал ақшасы бар, ақылы жоқ жігітпен ұзақ өмір сүру, оның бай әрі ерке өміріне көндігу деген бар. Осыларға дайын болсаңыз, бүгінді таңдап ертеңнен айрылып қалудан қорықпаймын десеңіз, бұл таңдау сіздікі.

Ақыл мен ынта бар.

Бай емес әрі ақшасы тасып тұрған жігіт емес. Бірақ оның ақшасы бітпейді. Себебі оның басында жоғарыдағы жігітке қарағанда үнемі қозғалыста және ой үстінде болатын миы бар. Ол ми оны асырайды. Ол өлмейді. Жағдайы қиындап кеткен күннің өзінде амалын табады. Бәріне көкірек көзімен қарап, жұмысты бар ынтасымен жасайды. Ол бүгін ақша тауып, ертең үй алып, көлігін де алып өмір сүре алады. Бірақ бәріне бірден емес, асықпай жетеді. Оның қолына ешкім дайын ақшаны әкеліп ұстатпайды. Ол өзінің маңдай терімен табады. Егер бүгіні мәз болмаса да, өзіне сенімді әрі болашағы бар жар іздесеңіз, бұл – сіздің таңдауыңыз!

Екі жағдайды бір бойына идірген жігіттер қауымы да бар. Бірақ олар сирек кездеседі. Сондықтан ең құрметті қыздар қауымы, басында миы бар адамды таңдаңыздар. Ақша бітеді, ал ми – тоқтап қалғанша ақша табуға таптырмас құрал. 

М. Ақан