Ер азаматтар жайлы қызықты деректер

Ер азаматтар жайлы қызықты деректер
Фото: twitter.com

Еркек – бір отбасының отағасы. Ол – бір үйдің жары, балалардың әкесі, елдің тұтқасын ұстаған азамат. Ерлер қауымы жайлы ең қызықты деректермен таныс болыңыздар!

Жуырда Ұлыбританиялық атақты басылымда ерлер жайлы сауалнама қорытындысы жарияланды. Нәтижесінде, ерлердің 45%-ы өз әйелі артық салмақ қосса оған деген сезімі суыйды екен.

Бойдақтардың жартысы 27 жасқа дейін ата-анасымен бірге тұрады.

Көпшілік ерлердің көзқарасы бойынша әйелдің дене бітіміне қарағанда түр-әлпеті маңыздырақ.

Ерлердің басым көпшілігі көмірге кәуап пісіргенді жақсы көреді. Негізінде, кез келген іс қауіп-қатермен байланысты болса еркектер үшін қызықты бола түседі.

1900 жылдары бүкіл әлемде мейірбике әйелдерге қарағанда санитар ерлер көп болған. Қазіргі уақытта олар – 10%.

Бойдақтардың 30%-ы ғана нағыз махаббатқа сенеді.

Ерлердің 25%-ы екінші жартысының көңіліне қаяу салмау үшін өтірік айтады.

Ж. Жұмағұлов