Әрбір жігіт 30 жасқа дейін үйрену керек нәрселер

Әрбір жігіт 30 жасқа дейін үйрену керек нәрселер
Фото: www.mfa.kz

Әрбір жігіт ақыл тоқтатқаннан кейін, яғни он бес жасынан бастап азамат ретінде үлкен өмірге бейімделуі керек. Өйткені ертең отбасы болған кезде бар ауыртпалық пен жауапкершілік сіздің мойныңызға артылады. Сондықтан отыз жасқа жеткенше біз ұсынған кеңестерді үйреніп алғаныңыз абзал. 

Бөлме өсімдіктерін өлтірмеңіз 
Үйіңізге әйеліңіз немесе өзге біреу алып келген бөлме өсімдігін далаға тастамаңыз, өлтіріп алмаңыз. Оған жай ғана адам секілді қараңыз. Бұл қағиданы әдетке айналдырып көріңіз, нәтижесі бар. Себебі гүлге қамқор жігіттер романтикаға жақын болады, ал романтиктер басқаларына қарағанда отбасын сақтап қалуға әлдеқайда қабілеттірек.

Спортпен айналысқан кезде ләззат ала біліңіз 
Таңмен ерте тұрып жүгіру, кешке жаттығу жасау сізді мезі қылуы мүмкін. Бірақ отыз жасқа дейін осы әдетті дағдыға айналдырып алсаңыз, әрі қарай өзіңіз-ақ ләззат аласыз. Жемісін берері анық. 

Ортаға қарай киініп үйреніңіз 
Әрбір ортаға тән киімдер болады. Сол бойынша киініп үйреніңіз. Концертке немесе театрға барған кезде спорттық киім киіп бару ұят. Сол секілді ресми жерге ресми киініп барыңыз. Маған жараспайды деп алқам-салқам болып барсаңыз, абыройыңызға нұқсан келеді. 

Тамақ жасауды біліңіз 
Ер адам түзге тән іске бейім болғанымен, жалғыз қалып қоятын жағдай туса, тамақ жасап білгені жөн. Өйткені түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Тамақты тек әйел адам жасау керек деген ойдан аулақ болыңыз.

Ақшаның қайда кетіп жатқанын біліңіз 
Отыз жасқа дейін есеп жасап үйреніңіз. Есепті әрбір кеткен ақшаңызға жасаңыз. Өйткені уақыт өте келе есепсіз кеткен ақша әдетке айналып кетсе, кедейліктің кебін бір-ақ күнде киесіз. 

Қақтығысты жұдырықсыз шешуге тырысыңыз 
Бала күнгі тентектік сол шақта қалуы керек. Барынша ақылға салыңыз. Қит етсе жұдырық ала жүгіруді қойыңыз. Нағыз азамат ретінде, жұдырықпен емес сөзбен, түсінікпен шешіңіз. Бұл сізді қорқақ адам ретінде көрсетпейді. 

Кез келген бір аспапта ойнай біліңіз 
Ән – көңілдің ажары. Кез келген ортада қолыңызға аспап түсе қалса, бір ән салуды немесе бір әуенді орындауды үйреніңіз. Бұл мәртебеңізді көтереді. 

Өзіңіз туралы мүлде айтпаңыз 
Өзге туралы айтыңыз. Сөйлесіп тұрған қыз туралы немесе досыңыз туралы сөз қозғаңыз. Өзіңіз жайлы айта беру – қателік. 

Классикалық туындыға жақын болыңыз 
Бұл әрбір жігіттің жадында жүру керек. Себебі классика романтиканың бір бөлшегі. Ал романтикаға жақын жігіттер жаман болмайды. 

Галустук байлауды міндетті түрде үйреніңіз 
Жігіттің ең тәжірибелі ісінің бірі галустук байлау. Себебі мойынға тағылатын қарапайым галстук сіздің қаншылықты пысық әрі тиянақты адам екеніңіз жөнінен хабар береді.

М. Ақан